Өзімнің басымнан өткен бір оқиғамды сіздермен бөліскім келіп отыр,нақтырақ,сіздерден көмек сұраудамын..Осыдан 2 жыл бұрын,мен ес-түссіз бір жанға қатты ғашық болып қалдым! Қыздардың көңілін аударып үйреніп қалған адам үшін,біреуді өзіне қарату бұл қиын нәрсе емес болатын о баста) Шыны керек ол қызды мен сырттай ғана танитынмын,ал оған қатысты ойым: "Иә,әдемі қыз"..... болды сол ғана болатын. Мен оның жан құрбысымен жақын араласатынмын,әрине құрбысы екеуміз жерлес болғандықтан,мен оны қарындасымдай көретінмін. Бізді таныстырған да сол қыз. Басында агент арқылы сөйлесіп,аз ғана уақыт ішінде оның ұялы телефонының нөмірін де өзінен алдым. Ол қызды жақын тани келе,күннен күнге оған ғашық бола бастадым. Оның сұлулығымен қоса, әңгімелері,тәрбиесі,ойы,көзқарасы,бәрі бәрі ұнай бастады,осыған дейінгі араласып,сөйлескен қыздарымның барлығынан тез арада ерекшелене білді. Маған бір "идеал" сияқты боп көрінді. Мен де өз тарапымнан бар ынтамды салып,шын көңіліммен оған ұнауға тырыстым. Адам егер шын көңілімен бірнәрсені қаласа,ол сол мақсатқа жетеді деген бар ғой..Мен де оған күннен күнге ұнай бастағанымды сезетінмін. Әңгіме барысында оны үнемі күлдіруге тырысатынмын. Менің әзіл қалжыңдарымды жақсы түсінетін.)Осылай қарым-қатынасымыз МАХАББАТҚА ұласты. Кейін онымен сөйлесе келе (әңгіме барысында) оның бұрын соңды ешқашан,ешкіммен жүрмегенін біліп,сезімім одан артық ұлғая түсті. Білмеймін,әйтеуір түні-күні,отырсам да,жатсам,ойымда тек қана - Сол бір жан,көз алдымда сол бір бейне! Ээээх ғашықтық деген осы екен ғой деп тез ұғына кеттім! Қалай екенін білмейм,бірақ бір ай шамасында ол менің қызым,мен оның жігіті бола шықтым! Қаааандай бақыт десеңші! Қуанышымды шек жоқ!!!!!! Менің өмірім,мақсатым,арманым,бақытым,махаббатым екенін аз уақытта түсіне кеттім. Универде оған ғашық жігіттер мен маған ғашық қыздар өөөте көп болатын,мен кейде оған қалжыңдап:"давай салыстырайық кімнің поклонниктері көп" деп айтатынмын. Бізді көре алмайтындар өте көп болатын,ал жанашырлар: екеуің күштііііііі жұпсыңдар дейтін. Тіпті танымайтын адамдар бізді "Қыз жібек пен Төлегенге" теңейтін.Уақыт өте келе арамызда көптеген қиыншылықтар кездесті,әрине оның тарапынан болатын ұрыстар,себебі мен өз махаббатыма сенімді болатынмын,оны еш ренжітпеуге тырысатынмын! ал оныкін "ешкіммен жүрмеген ғой,еркелік қой" деп ардайым түсініп қарайтынмын. Қандай қиыншылық болса да арамызда, мен ақылға салып,оған өз ақылымды айтып,түсіндіруге тырысатынмын,ол да менің осы қасиетімді қатты бағалайтын! Әрине енді менің өмірлік тәжірибем оныкіне қарағанда кеңірек болатын,сондықтан мен кез келген ұрыстың соңын достасуға әкелетінмін. Мүмкін бұл да қате шығар,бірақ мен одан айырылғым келмейтін. Махаббатымды күннен күнге оған дәлелдейтінмін. Үнемі арамызда бір ақ проблема "Ол өзіне не керегін білмейтін". Бір жағынан жақсыыыы көретін сияқты да,бірақ оны үнемі іздейтін мен,қоңырау шалатын мен,көрісейікші дейтін мен... Уақыт өте келе ол өзгеретін шығар деген үмітпен жүре бердім. Бірақ арада 1 жылдан аса уақыт өтті,ол еш өзгермеді. Сөйтіп күндердің бір күнінде екеуміз жүрмей кеттік...Менің ертегідей махаббатым,оған үйлену туралы ойларым бәрі бәрі су шашылған оттай бір сәтте өшіп қалды...Одан кейінгі сезімімді еске алғым да келмейді...Қааааааатты қиналдым. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес енді. Қаншама ұйқысыз түндерді айтсайш......( Оны қайтарып алуға қанша рет әрекеттендім,бірақ еш нәтижесіз. Оның сезімі түпкілікті сөнді. Ал мен оны мойындағым келмеді,себебі оның жақын құрбылары да таң қалатын оған,шын айтам ол қызды түсінбей қойдым дейтін. Ал қазір арада 6 айға жуық уақыт өтті,айына бір рет,мереке күндері құттықтап қоямыз бір бірімізді. Менің сезімім әлі өшкен жоқ! Мен оған әлі ес түссіз ғашықпын!!!!!! ешкіммен жүргім да келмейді қазір. Сөйлесіп жүрген,маған ғашық қыздарға қиын..Себебі мен оларға ешнәрсе бере алмаймын,себебі әлі күнге дейін жүрегім тек сол деп соғады. Ол қызбен кеше ғана сөйлестім,қуантарлық жайт ОНЫҢ ЖІГІТІ ЖОҚ ЕКЕН әлі күнге дейін) әңгімесіне қарасам,мені кішкене болса да қызғанатын сияқты, сәл сөйлесіп қалсақ,бәәәәрін ұмытып,2-3 сағат тоқтамай сөйлесіп кетеміз. Әрине мен оған қиналатынымды білдірмеуге тырыстым,маған как будто ол қызықтырмайтындай әңгімелестім.)Біз үйлену туралы,махаббат туралы сөйлестік. Мүмкін өзімді алдау шығар,бірақ оның да маған деген сезімі бар сияқты!3 сағат сөйлесіп біткеннен кейін маған: "мәә мен сенімен сөйлесіп,күштіі боп қалдым, Сен менсің ғой" деп жазып жіберіпті.. Ал енді айтыңыздаршы,егер солай күштііііііі әсер етсем оған,неге күніге солай менімен сөйлеспеске?!,егер сезімі болса,неге маған қайта оралмасқа,мен ссенімдімін менің өмірім оны әлі күнге дейін қызықтырады! Бірақ ол менің алдымда өзін қатты кінәлі санайды,мүмкін "гордость" жібермейтін шығар?!мүмкін менің сезімім өшіп қалды деп ойлайтын шығар?!Мүмкін өзі келсін дейтін шығар?! Білмейм.....Түсінбеймін.....Өзі де әңгіме барысында "мәәәә сен мені 5 саусағындай жақсы білесің ия?" дейді. Солай достар Шын махаббат өмірде 1 ақ рет кездеседі дейді! мен онымен толық келісемін...Кейде өмір бойы соны сүйіп,қосыла алмай кетем ба деп қорқам...кейде күндердің бір күнінде қайтып келетін сияқты көрінеді...Ээээээээээх оның ішінде не бар екенін білсем ғой! Ол маған ауадай қажет екенін ол білсе ғой.....Оның болашақ жары кім болад екен?! ол қандай жігіт болады?!оны ренжітсе ше?!менікі сияқты адал,пәк,ақ махаббат ол жігітте болмаса ше?!оны мен сияқты күніге еркелетпесе ше?! Міне ең жаманы осы...Әрине мен оған бақыт тілеймін,оның еш қиналмағанын қалаймын,алладан тек соны тілеймін! Оның кешегі маған жазған"мәә мен сенімен сөйлесіп,күштіі боп қалдым, Сен менсің ғой" деген смсін қааааанша рет оқыдым уже.. Айтыңыздаршы не істейін? Оның ойы қандай екен? мен мынау дерттен қалай емделем уже 6 ай болды еш өзгеріссіз....