Ғашықтық туралы бір өлең
жеке
блог
блог
Ғашық болу,
Асық болу
бәрі де-
Әр пенденің өткен түрлі басынан
Алдау да бар
Арбау да бар
әлі де
Ажырамас бұл сезімнің қасынан
Ессіз еткен,
Көзсіз еткен
адамды-
Айыра алмай шындықтың шын жалғанын,
Жаулап алса
Баурап алса
санаңды-
Махаббатқа тым байланып қалғаның
Уәделесіп
Қателесіп
кеткендер,
Қаншама жол жүрсе дағы арада
Көне алмай
Өле де алмай
кектенген,
Нағыз сезім ұсақталып бара ма?
Сол үшін де
Жол үстінде-
Қателеспе, анықтап ал жан-жақты
Ұсынғанға ере салу
Мұсылманға -
жат емес пе?
Соңынан
Тістеп қалма бармақты.
сурет google.kz сайтынан алынды