Ғашықтар күнін қалай атап өттім

Ғашықтар күнін қалай атап өттім
жеке
блог

«15-сәуір Ғашықтар күні» деп бір ай бұрын дайындықты бастап кеттік. Әріптестеріммен бірге осы күнге ерекше дайындалып, көп іздендік. Уақыт өтіп, сол күнде келіп жетті.

Әдеттегі демалыс күні. Таңмен ояна сала сол баяғы үйдің тірліктеріне көштік. Одан кейін бір жұмыстарыммен ары-бері жүгіріп жүрдім. Бір кезде құрбым хабарласып, кешке Президент саябағында жиналамыз деді. Көп ұзамай кеш те болды. Басқа құрбыммен Президент саябағына қарай жол тарттық. Сөйтсек, ол жақ жабық екен. Жиналған бәріміз Ескі Алаңға кеттік. Келсек, бұл жақта қырғын халық. Жастар жиылып, қытай шамдарын апсанға жіберіп жатыр екен. Оларға біз де қосыла кеттік. Дәл осы кезде мен бүгін мереке екенін түсіндім. Күйбең тірлікпен «Ғашықтар мерекесін» ұмытып кетіппін. Өзімнің шамдарымды жіберген соң, дереу қалта телефонымнан достарыма «Ғашықтар күні құтты болсын!» деп хабарлама жібердім. Кеш құттықтағаным үшін кешірім сұраймын, достар!

Бір ай дайындық жасаған күнді осылай ұмытып кетіппін)))