Ғашықтар қаласы Парижге барған сапарымнан фотосуреттер
блог
Сәлем достар!
Бүгін сіздермен ғашықтар қаласы, романтикаға толы Францияның Париж қаласына барған сапарымнан фотосуреттермен бөліскім келіп отыр! Кеттік, бірге тамашалайық)))
Фотосуреттер жинағын Париж қаласының символы Эйфель мұнарасынан бастағым келіп отыр.
Мұнараның ұнағаны сонша түсе беріппін-ау)))
Мұнараның сырт келбетін тамашалап біткеннен кейін, оның ең жоғарғы қабатына көтерілуді жөн көрдім. Бар-жоғы үш қабаттан тұрады екен. Екінші қабатына жаяу көтерілудің өзі әр адамның санасында ұмытылмастай әсер қалдыратыны рас.
Ауа райының күрт өзгеруі үшінші қабатқа жаяу көтерілуге кедергі болды. Сондықтан да лифтпен бардым. Суық болса да, керемет))))))
Ал мынау әлемге әйгілі Фрагонард парфюм дүкені. Мұнда тек Францияда жасалынатын және әлемдік бренд фирмаларының да әтірсуларын табуға болады.
Бұл әлемдегі танымал опера театрларының бірі - Гранд Опера. Мұндай әлемдік сахнада өнер көрсету, әрине, әр өнер иесі үшін асқақ арман болып табылады. Әттеген-ай, уақыттың тығыздығы театрды тек сырттай тамашалауға ғана мүмкіндік берді(((
Ал мынау атақты Лувр мұражайы!!! Аааа!!! Осы мұражайға келгенімде есіме бірден сүйікті киноларымның бірі "Код да Винчи" түсті. Қуанышым шексіз)))
"Алтын бөлме"
Ооо!!! Нотрдам де Пари!!! Бұл сәулет үйінің сұлулығын сөзбен жеткізу қиын...
Осы сапарымнан түйгенім: "Париж қаласына бір келсең оған ессіз ғашық болады екенсін! Алдағы уақытта тағы да қайтып келемін деген үміттемін. Осы жолы сүйіктіммен...)))"