Сәлем, достарым!
...жүрегім ауырады. Сосын жылаңқы жазбаммен жүректерін ауыртып жазғым да келмейді. Кеткім келеді бұл ортадан. Сол жұмбақ күйімде жоқ болғым келеді. Бірақ, бауыр басып кеттім, қатттыы. Қуанышыма ортақ жандарды кездестірдім. Ғашық болдым...
2. 10. 13
Ғашық болдым! Ой, білмеймін, шын ғашық болдым ба, әлде жәй ғана ұнаттым ба... Әйтеуір соған қарай бүйрегім бұрып, жүргім ұрып тұрады. Эхх.. сөйлесемін, бірақ... Танысқанымызға көп те болмады. Маған дос тауып берген Массагет енді осы кісіні өмірімдегі ерекше жан етсе...(деееп қиялдавоцам, ия ) жаман емес қой, бірақ...
15.11.13
02:10
Әлі де ғашық екенмін! Мойындаймын! Қыз балаға бірінші болып сезімін білдіру қаззаққа жат қылық дейді. Мен келіспеймін! Оны шын ұнатып тұрсаң сезіміңді неге білдірмеске?! Солай... мен ғашықпын!
(күнін жазбаппын)
Күнделігімдегі осы жазбаларды көріп өзім ұялып кеттім. Махаббат адамға не істетпейді, ә?! Бір әзіл бар ғой: «бір қыз автобуста бір жігітті қатты ұнатып қалғаны сонша, ойша үйленіп, екі аялдамадан соң ажырасып кетіпті» деген. Сол сияқты, қиял қыздарыңыз ғашық жанына күнде барып келеді (әрине, ойша). Мен Есіл жағасында болсам, ол сіз жақта болса, арамыз жырақ болмай немене? Қызығы, ол адам осында жазбаны өөөте сирек жазады. Бірақ, бір жазса «өлтіреді». Ол кісіні қатты құрметтеймін, бағалаймын... Атын айтқан кезде жүрегім аузыма тіреледі ғой, шіркін! Білмеймін, егер бір күні бізді Құдай кездестіріп қалса талып қалатын шығармын.
Сіз білмейсіз...
сезім бар менде тұнып жатқан,
Көз түсіп, ғашық болдым сізге сырттан.
Арамыз тым жырқта, әттең, әттең...
Біліп тұрмын, келмейсіз таулар жақтан.
Сіз дегенде жүрегім бұлқан-талқан...
***
Мен сізді сағынамын...
Өтірік дерсіз, сенбессіз.
Жүрегім ғой болды ессіз!
Ақымақ қыздың сезімін
Сіз ешқашан сезбессіз
Себебі сіз-кербезсіз...
•••
Сіз бақытты бола (да) аласыз бір күні
Менімен емес, БАСҚАМЕН!