Менің алдымда осы тақырыпқа қалам тербеген аға-апайларға қарап, шабытым келіп менің де үнсіз қарап қалғаным болмас дедім.
Махабат дегеніміз екі адамның арасында болатын сезім. Ал ғашықтыққа.... оған ..... бір адамның да сезімі жеткілікті. Жалпы ғашықтық дегеніміз- сол бір жанға ғана дүниедегі барлық жақсылықтар лайық, Сол бір жанға ғана дүниедегі ӘСЕМ сөздер лайық деген ойлармен қиял ғажайып күй кешесің. Оны тағатсыздана көргің келіп тұрады. Сол бір сәт үшін барыңды беруге әзір тұрасың. Бірақ, ол саған қарағанда қылмысын ашылып қалатындай сасқалақтап, оның ӘСЕМ көздерінен еріксіз көздеріңді тайдырырып әкетесің. Бұл қандай керемет сәт оның маған қараған көздері... мен оны сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Сол сәттегі дүниедегі ең бақытты жан мен шығармын. Қалай ғана өз сезімімді білдірсем екен? Жанына барсам , бірдеңе деп айтуға шамам жоқ тілім байланып, мылқаудың күйін кешемін. Онсыз бұл өмірдің қызығы жоқтай көрінеді маған. Бұл ғашықтықтың дертін тезірек емдеп жаза алсамғой, деген ойлар.
Менде сондай ойлардың жетегінде жүрген бақытты жандардың бірімін. Міне осымен 4жыл болды әлі де сол керемет сезімнің сергелдеңінде жүрмін. Ғашық бола алмаған адам бұл өмірдің қызығынан мақұрым қалған деп санаймын. Сондықтан ғашық бола біліңіздер,ғашық болған жандарыңызбен ұзақ өмір сұріңіздер.