Ғашық болу
Ғашық болдым, менде бір
Көптен күткен арманым.
Сөз жетпейді, тілдесем.
Жыр жетпейді, жырласам.
Ән жетпейді, әндетсем,
Қарап, тойып, болмайтын
Сезіп, күйіп толмайтын,
Сүйсең, құмар қанбайтын,
Махаббаттай күштерді,
Дарытқан кім, жаратқан.
Жазсам, жырым домалап,
Жазсам, жарым елестеп,
Ойландырып тастайды.
Ғашық жаңға жыр жазсам
Жүрек соғып, дүрсілдеп,
Қос жанарым жаутаңдап,
Тілім жетпей сөздерге,
Әріп жетпей сырларға,
Бауратып бір балқытып,
Тіл үйіріп тастайды.