Ғарышқа адаммен қоса ұшырылған балдыр

Сәлем Массагеттіктер! Қалдарыңыз қалай? Сабақ, ҰБТ-ға дайындық деп жүріп Массагетке кірмегеніме біраз болып қалыпты. Қолым босай қалса Массагетке қызықты блог жазсамба деп жүр едім. Бүгінгі биология пәнінен дайындықта отырып, қызықты бір тақырыпты көзім шалып қалды. Сол жайлы өздеріңізбен бөліссем деп едім. 

Адамзат ғарышты игере бастағаннан бері аспан әлеміне көптеген тәжиірбелер жүргізіп келеді. Сондай тәжиірбелердің бірі:

ҒАРЫШҚА АДАММЕН ҚОСА ҰШЫРЫЛҒАН БАЛДЫР

Ғарышқа ұшырылған балдырдың аты - хлорелла. Ол жасыл балдырлар тобына жатады. Пішіні шар тәрізді, бір жасушалы. Хлорелла деген аты ("хлорос" - жасыл) жасыл пигментіне сай берілген. Жасушасы өте ұсақ болғандықтан тек микроскоптың көмегімен көре аламыз. Осындай кішкене жасушаның цитоплазмасында нәруыз (50%), қант, май, витаминдер (А, В1, В2, В6, В12, С, Д, К,) және минералды тұздар болады. Хлорелла қоршаған ортаның өзгеруіне өте сезімтал, соған байланысты құрамындағы заттарды да өзгертуге қабілетті.

Хлорелла өте тез жыныссыз жолмен көбейеді, жынысты жолмен көбеймейді. Жасушасының құрамы қорек затына бай болғандықтан ғалымдардың қызығып зерттеулеріне тура келді. Ғалымдар неліктен, "космосқа тек хлорелла балдырын ұшыру керек" - деп шешті? Оның негізгі себебі мынада:

1.Хлорелла балдыры өте жылдам көбейеді. Хлорелла неғұрлым көп болса соғұрлым ауаға оттекті көп бөліп, ғарыш кемесінің ауасын тазартады. 

2.Ол аквариумда өсетіндіктен көп орын қажет емес.

3.Құрамында қорек үшін қажетті заттар мол (май, нәруыз, көмірсулар, витаминдер және т.б.) 

4.Хлорелланың жасыл хроматофорында органикалық зат түзіледі.

Хлорелланың осындай ерекшеліктерін білген соң оны қолдан өсіру жағы қолға алынды. Жапонияда хлорелланы ертеден-ақ арнайы жасалған өте терең емес су қоймаларында өсіреді. Хлорелланың тағам ретінде сіңімділігі өте жоғары. Ең алғаш 1960 жылы тамызда ғарыш кеңістігінде болып қайтқан - хлорелла балдыры екенін есте сақтаңыздар!



Бөлісу: