Ғарыш туралы қызықты мәліметтер

1. Егер Сатурн ғаламшарын өте үлкен бір суға салса, ол жүзіп жүрер еді. Себебі, оның тығыздығы судың тығыздығынан аз.
2. Нейтронды жұлдыз материалынан жасалған шәй қасықтың салмағы жер бетінде 112 миллион тоннаны құрайды екен.
3. Егер сіз жарықтың жылдамдығымен ұша алсаңыз (секундына 300 000 шақырым), онда біздің галактиканы айналып шығу үшін сізге 100 000 жыл қажет болар еді.
4. Орион шоқжұлдызының сол жағында орналасқан Бетельгейзе атты жарық жұлдызды Күннің орнына қойса, ол Жерді, Марсты және Юпитерді жұтып кетер еді. Оның диаметрі Күннен 1000 есе үлкен. Ғалымдардың болжамынша, ол 2-3 мың жылдан кейін жарылуы тиіс. Екі айға созылатын қуатты жарылыс кезінде Бетельгейзенің жарықтығы Күндікінен 1 050 есе асып түсіп, Жер бетінен оны ешбір құралсыз-ақ көруге болады екен.
5. Сіз Андромеда галактикасына көз салғанда (бізден ара-қашықтығы – 2,3 миллион жарық жылына тең), оның бізге 2,3 миллион жыл бойы жүріп келген жарығын көресіз. Яғни, сіздің көріп тұрғаныңыз, ол галактиканың 2,3 миллион жыл бұрынғы көрінісі.
6. Жарық Күннен бізге дейін 8 минут жүріп келеді, яғни біздің дәл қазір көріп тұрған Күніміз – осыдан 8 минут бұрынғы Күн. Егер ол 4 минут бұрын жарылып кеткен болса, біз оны білмес едік.
7. Юпитердің салмағы Күн жүйесіндегі барлық ғаламшарлардың салмағын қосқандағыдан көп.
8. Егер Күнді бір нүктенің көлеміндей етіп кішірейтсе, ең жақын жердегі жұлдыз одан 16 шақырым қашықтықта болар еді.
9. Жердің тартылыс күші адамның омыртқасын басып, сығып тұрады, сондықтан ғарышқа ұшқан ғарышкердің бойы шамамен 5,08 см-ге ұзарады.
10. Экваторда сіздің салмағыңыз полюстерге қарағанда 3 пайызға ауыр болады.
11. Жер орбитасында ғарыш саласының дамуына байланысты түрлі қалдық темірлер ұшып жүрген көрінеді. Мамандардың есептеуінше, салмағы бірнеше граммнан 15 тоннаға дейінгі 370 000-нан астам заттар сағатына 9,8 мың шақырым жылдамдықпен Жерді айналып ұшуда. Сонымен бірге, олар кейде бір-бірімен соқтығысып, кішкене бөлшектерге шашырап кетіп жатыр.
12. Күннің салмағы бүкіл Күн жүйесі денелерінің салмағының 99,86 пайызын құрайды. Қалған 0,14 пайызы ғаламшарлар мен астероидтарға тиесілі.
13. Ғарыш кеңістігінде жаңа жұлдыздың жарылуы (тұтануы) кезінде ол өте ғаламат көлемде энергия бөледі екен. Оның алғашқы 10 секунд ішінде бөлген энергиясы Күннің 10 миллиард жыл ішінде бөлген энергиясынан көп болады.
14. Шолпан – Күнді сағат жүрісіне қарама-қарсы бағытта айналатын жалғыз ғаламшар. Бұған бірнеше жорамал бар. Соның бірі, ғалымдардың пікірінше, бұрын Шолпанның бетіне ірі астероидтар соқтығысып, оны кейін қарай айналдырып жіберген.
15. 1957 жылдан бері («Спутник-1» жасанды жер серігі ұшырылғаннан кейін) адамзат баласы жер орбитасына қаншама жасанды жер серіктерін ұшырды. Тек соның біреуі ғана Титаниктің тағдырын қайталады. 1993 жылы Еуропа Ғарыш Агенттігіне тесілі «Олимп» жер серігі астероидпен соқтығысып, жойылды.
16. Жоғарыда айтылған Андромеда галактикасы – бізге ең жақын галактика. Осы екі галактика бір-біріне қарсы өте қатты жылдамдықпен жылжып келеді екен. Андромеданың жылдамдығы – секундына 300 шақырым, біздің Құс жолы галактикамыздың жылдамдығы – секундына 552 шақырым. Ғалымдардың пікірінше, екі галактика 2,5-3 миллиард жылдан кейін бір-бірімен соқтығысуы мүмкін.
17. Адам баласы ашық ғарыш кеңістігінде скафандрсыз 90 секунд қана шыдай алады, егер тек өкпесіндегі барлық ауаны шығарса ғана. Ал егер өкпеде кішкене ғана ауа қалса, ол бірден көпіршіп үлкейе бастайды екен. Егер ол қанға өтіп кетсе, адам бірден өледі. Ал адам ғарыш кеңістігіне шыққанда, өкпесі ауаға толы болса, онда өкпесін жарып жібереді.
18. Жердің салмағы тұрақты емес. Ғалымдардың анықтауынша, жыл сайын Жер өзіне 40 160 тонна салмақ қосып, 96 600 тоннасынан айырылады. Яғни, сонда Жер жылына шамамен 56,5 тоннаға жеңілдеп келеді.



Бөлісу: