Гарри Поттер қиял-ғажайып шығармалары

Гарри Поттер қиял-ғажайып шығармалары
жеке
блог

Гарри Поттер − Британдық жазушы Джоан Роулинг жазған 7 томдық қиял-ғажайып шығармалар жинағы. Кітапта Хогвартс Мыстандар мен Сиқыршылар мектебінің оқушысы Гарри Поттер және оның достары Роналд Уизли мен Гермиона Грейнджерлердің бастан кешкен оқиғалары туралы айтылады. Оқиғаның негізі зұлым сиқыршы Лорд Волдемортты жеңу болып табылады. Лорд Волдеморттың көздегені − мәңгілік өмір сүру, сиқырлы әлемді қол астына алу, сиқыршы емес адамдарды жою және қарсы шыққандардың күлін көкке ұшыру. Ал қарсы шыққандардың ішінде басты кейіпкер Гарри Поттер де бар.

 
Джоан Роулинг

1997 жылдың 30 маусымында көптомдық кітаптардың бірінші бөлімі жарыққа шықты ("Гарри Поттер және Философиялық тас"). Дәл сол уақыттан бастап ол үлкен атаққа ие болып, дүйім жұртқа аты тез тарады. 2011 жылдың маусым айындағы сараптамада кітаптардың 450 миллион көшірмесі сатылғанын, әлем тарихындағы ең тез сатылған кітап аталып, 67 тілге аударылғаны көрсетілген, сонымен қатар, жазылған кітаптардың соңғы төртеуі ең тез сатылған кітап атағымен жаңа рекорд орнатқан.

Бұл шығармада, қиял-ғажайыптықпен қоса, жанрлардың көптеген түрлері кездеседі. Атап айтқанда: жасөспірім әдебиеті, құпиялық, триллер, оқиғалық, ғашықтық, т.с.с. Шығарма балаларға арналса да, Роулинг ханымның сөзіне сенсек, негізгі тақырып − өмір мен өлім. Ал бұдан басқа кемсітушілік пен жемқорлық тақырыптары да кездеседі.

Кітаптар ең алғаш рет Біріккен Патшалықтардағы(Ұлы Британия) "Блумсбёри" ("Bloomsbury"), ал Құрама Штаттарда " Мектеп баспасөзі" ("Scholastic Press") баспаханаларында басылып шықты. Кейіннен орысша нұсқасы Ресей Федерациясындағы "Росмэн" ("Rosman") баспаханасында басылып шықты. "Уорнер Броз." ("Warner Bros.") кинокомпаниясы соңғы кітапты ("Гарри Поттер және Ажал Сыйлары") екі бөлікке бөліп, барлық романдар бойынша 8 бейнефильм түсіріп шықты. Бейнефильмдер де кітаптар сияқты әлемдік деңгейде миллиондаған халықтың назарын аударып, үлкен мөлшерде қаржы жинады және осы атпен әртүрлі заттар жасалып, барлығы 15 миллиард АҚШ доллары пайда тапты.