Ғалымдар: Ұйқы алдында тамақ жеу жүрек ауруларына әкеп соғады
блог
Осыған дейін де бұл мәселе туралы талай ескертулер жасалып келеді. Соның өзінде бұл сөзге ешкім құлақ түріп тыңдап жатқан жоқ. Осы жолы ғалымдар халыққа сөздерін дәлелдеу үшін тәжірибе жасапты.
Ұйқы алдындағы желінген ас артық салмаққа әкеліп қана қоймай, қант диабеті мен жүрек ауруларына әкеп соқтырады. Experimental Physiology журналының хабарлауынша, бұл тұжырымды Мексика Университетінің ғалымдары жасаған.
Зерттеу барысында ғалымдар қан құрамында триглицериді бар көртышқандарды алып оларды әртүрлі уақытта тамақтандырған. Бірін – уақытылы тамақтандырса, екіншісін – ұйқы алдында тамақтандырған.
Нәтижесінде, екінші топтағылардың қанындағы триглицерид көлемінің өскенін байқаған. Бұл өз кезегінде, қант диабеті мен жүрек ауруларынының пайда болу қаупін арттырады.