«Ғаламторға тәуелділік - ауру ма?»

Жаңа ғасырдағы жаңа ауру – адамның интернетке тәуелділігі. «Ғаламторға тәуелділік дегеніміз ауру ма?» деген сұраққа сан түрлі жауап алуға болады, яғни, тартысқа толы сұрақ. Егер алкагольді ішімдіктерге тәуелділікті ауыр екендігін бұрыннан-ақ білсек, интернетке тәуелділікті де аурулар қатарына жатқызуға болады ма? Қанша дегенмен де ұқсастықтары баршылық. Шетелде ғаламторға тәуелділік мәселесі 20 жылдан аса уақыт зерттеліп келеді. Көп уақыт бойы Қазақстан бұл мәселеден тыс болып келген. Бірақ, кенеттен ашылған ғаламтор мүмкіндіктеріне жастардың көп бөлігі қызықты. Ғаламторды қолданушылардың санының көбеюі, бір жағынан – жаңа виртуалды қарым-қатынасты ойлап табу, екінші жағынан – кешенді алдын-алу шаралардың болмауы ғаламторға тәуелді қолданушылардың тез көбеюіне әкеліп соқты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, компьютер алдында көп отыратын ересек адамдардың 92 пайызы жұмыс соңында өзін жағымсыз сезінеді екен. Компьютердің ең көп зақымдайтын объектісі – біздің көзіміз. Ақылды машинаның алдында үзіліссіз 5-6 сағат отырған адам «компьютерлік көру синдромы» деген дертке шалдығады. Компьютерге жиі телміру жүйке жүйесіндегі ауытқушылыққа, кей жағдайда инфаркт пен инсультқа соқтыратын психопатиялық кеселдерге ұрындыруы да ықтимал.

Әлеуметтік желілер –«дерттің» қоздырушылары 50 млн тыңдарман жинау үшін радио 38 жыл уақытын сарп етсе, теледидар дәл осынша аудиторияны 13 жылда, ал интернет небәрі 4 жылда бағындырған екен. Ал, Facebook әлеуметтік желісі 200 млн тұтынушыны жинау үшін көп «қиналмаған». Бір жыл ішінде осыншама адамды өзіне қаратқан. Ғаламторға тәуелділікті қоздырушы «вирустардың» қауіптісі де – дәл осындай әлеуметтік желілер. Әлемдегі 30 жастан асқан адамдардың жартысынан астамы, жаңа ғасырда туылғандардың 96 пайызы әлеуметтік желілерде тіркелген екен.

Интернет арқылы жүзеге асатын әртүрлі қызмет түрлері, нақты айтсақ, қарым-қатынас, таным және ойын (көңіл көтеру) және т.б. адамды толығымен қамтып, оған басқа да қызмет түрлеріне уақыт та, күш те қалдырмайды. Осыған байланысты, қазіргі уақытта «ғаламторлық аддикция» (Internet Addiction Disorder, немесе IAD) немесе «ғаламторға тәуелділік» феномені (ауру немесе синдром) жіті талқылануда. 



Бөлісу: