ХХІ ғасыр техника мен элетроника дамыған заман екені бәрімізге белгілі. Кез-келген құрылғы біздің кезеңімізде тетіктендірілген, жаңаша тәсілдермен компьютерленген, түрленіп, әрленген. Ертедегі адамдарға арман болған , ғажапқа толы дүниелерге қазірде өзіміз көріп қызығамыз, тіпті сырын ұқпақ болып дал болатынымыз өтірік емес. Жалпы айтқанда бүгінгі таңның ірі жаңалықтарының, жетістіктерінің бірі – компьютер мен ғаламтор десек қате болмас. Тіпті ағара атқан таңнан , қызара батқан түнге дейін кәрі-жас демей компьютер алдында бірнеше сағаттар отырып , бөгеліп қалатынымызды аңғармай да қаламыз. Қызығына батып, өзімізге компьютерден кері әсер ететін факторларды біріміз білсек те біріміз білмей жатамыз. Сол себепті бүгінгі күннің өзекті мәселесі, әркімнің көкейінде байланған басты сұрақ «Компьютердің не ғаламтордың адам өміріне тигізер пайдасы көп пе жоқ әлде керісінше ме?» Осыған орай мен қалыптасып келе жатқан жеке тұлға ретінде өз пікірімді білдірсем деймін. «Жаман айтпай жақсы жоқ» - демекші , алдымен осы тақырып негізінде компьютер мен ғаламтордың адам өміріне әкелетін зардаптары жайлы айтып кетсек.
Компьютердің адам өміріне тигізер кері әсерлері баршылықтай. Алдымен ол көру қабілетін төмендетсе, екіншіден оның айналасындағы радиоактивті толқындар адам денсаулығына тигізер кесірі көп екені шүбәсіз. Онымен қоса ғаламтордың алғашқы беттерінде-ақ баланың ерте есеюіне , психикасына, тәрбиесіне үлкен зардаптарын әкелетін артық ақпараттар, денені түршіктірерлік жаңалықтар көп болады. Тағыда айта кетерлік жайт, компьютер алдында ұзақ уақыт отыру үлкен тәуелділіктерге жетелейді. Сөйтіп баланың миы уланып , психикасына ақау келтіреді. Ғалымдардың айтуы бойынша , тәуелділікке душар болған адамдар әлсіз болып келеді, сол себепті оны көбісі жеңе алмайды екен. Бұл тәуелділік адамның өз уақытын тиімсіз, жоспарсыз бос пайдалануына әкеп соқтырады . Онымен қатар ғаламтордан өзге заттарға қызығушылығын төмендетіп, басқада зардаптарын тигізеді. Алайда өмір алмакезектіктен құралған , сол сияқты оның адамдарға тигізер жақсылығы да жоқ емес. Ғаламтор баланың ізденіс жұмыстарына оңды көмегін тигізеді, кез-келген тақырыпта іздеген ақпаратты, мәліметті жедел түрде тауып алуына жол ашады. Шет елдегі достарыңмен, туыстарыңмен де оңайлықпен хат алмасып, сөйлесуге мүмкіндік береді. Онымен қоса күнделікті әлемдік жаңалықтарға құлағдар болып, саясатқа деген қызығушылық сезімдерін арттырады. Және де шет тілдерін үйренем деушілерге де ғаламтордағы арнайы сайттар арқылы тіл үйренуге мүмкіндік береді. Дегенмен, егер бала ғаламторды өз игілігіне дұрыс пайдалана берсе, тәуелділікке мойынсынбаса нұр үстіне нұр болар еді. Себебі елінің туын биікке көтеріп, халықтың қалаулысы, елінің елеулісіне айналатын қаймақтары, азаматтары біз, жастармыз. Ал Отанымызды өркендетіп, көркейту үшін , бізге білімді де,алғыр жастар керек. Сол себепті еліміздің кірпішін бірге қалауға барша жас буынды шақырамын!