Ғаламторды дүр сілкіндірген "Mannequin Challenge".

Ол не? Және неге біртүрлі атауды жамылған?

"Mannequin Challenge" (ағыл. mannequin - манекен, сөздің атауға қатысуы себебі - "манекен" сөзі "қуыршақ" деп аударылады ана тілімізге, "қуыршақтай адам бейнесінде қатып қалу". Ағыл. сhallenge - қарсы тұру, шақырту, осы сөз барлық флешмоб атауларында кездеседі, сондықтан бұл сөздің мағынасын түсінбейтін адам аз. Бұл жерде - "қарсы шығу", "флешмобты ілестіріп алу".

Флешмоб әдеттегідей видеоролик түрінде. Ұзақтығы қысқа болғаны шарт.

Қатысушылар саны әртүрлі, бірақ та бір-екі қатысушы флешмобтың сәнін құртатыны да бар. Ал сол қатысушылар бір жерде ешқандай да қозғалыссыз қатып қалуы тиіс. Кейін оны ғаламтор желілеріне, соның ішінде Instagram желісіне көп жариялайды. #MannequinChallenge хэштегі арқылы флешмоб туралы біршама мәлімет ала аласыздар.

Бір қызығы, "вирустық" флешмобты ойлап тапқандар - Флорида штатының кәдімгі оқушылары. Мектеп оқушылары алғашқы роликтерін Twitter-ге жариялап, аз ғана уақыт ішінде 4,3 лайк және 4,6 бөлісу (репост) жинады. Олар оны коммерциялық жағдайлары үшін емес, қызық үшін құрғандарын алға тартты.

"Тірі кескіндерде" бір әуен ғана қолданылады. Ол - Rae Sremmurd тобының Grucci Mane-мен бірге орындаған "Black beatles".

Ал сіздерге бірнеше осындай роликтерді ұсынамыз. Тек қана үздіктерін, тек қана танымалдылыққа ие болғандарын.

Футболда да кеңінен таралып кеткені сонша, ойыннан кейін де, голды тойлаған кезде де ойыншылар флешмобты қолдануда.

Ал мынау - рекорд. Әзірше ең көп қатысушысы бар видеоролик.

PPAP әуенін оригиналынан кейін бірден көшірмесін жасаған "Вечерний Ургант" бағдарламасының қатысушылары да бұл жағдайдан қалыс қалмайтыны анық.

Видеороликте қатып қалсаңыздар да, өмірде қатпаңыздар, ауа-райынан болсын, басқа жағдайдан да болсын :)



Бөлісу: