Ғаламтор желісіне деген құмарлық

Ғаламтор желісіне деген құмарлық
жеке
блог

Ғаламтор бүгінгі таңда жастардың айырылмас серігіне айналды. Әрине,ғаламторды пайдалану әрқашанда тиімді. Дегенменде, пайдасы мен қоса зияны да қатар жүретін, ғаламтор желісі әлемді бағындырды. Әлемді бағындырды дегеніміз –  жаппай халықтың барлығы интернет жүйесін тиімсіз пайдалануда. Әсіресе, қазіргі таңда проблемаға айналып бара жатқан ойы қалыптаспаған жас буын өкілдерінің ғаламтор желісіне деген құмарлығы.

Шыр етіп дүниеге келген сәбидің, бірнеше ай өте сала ғаламтор құлағында ойнауы. Бәлкім, ол да жақсы-ақ, дегенменде жас бүлдіршіндердің шынайы әлемнен алыстап, жалған әлемге қадам басуы. Түрлі онлайн ойын- сауық желілерімен қоса, қажетсіз ақпараттарды іздеу және де пайдасыз бейнематериалдар қарап уақыт өткізу, бүлдершіндер санасын уламайды ма?! Мысалға алсақ, қарапайым ойын ойнаудан бастаған жас сәби, бірте -бірте ойын құмарлығына кіріп, ұйқтаудан қалады.

Сөйтіп, күн мен түнді ауыстырған жан, жүйке-жүйесі ауруларына шалдығып, психикасы бұзылады. Әрине, бұл жағдайды таңертеңмен ерте жұмысқа кеткен ата-ана біле бермейді. Өкініштісі, уақыттың барлығы босқа кетіп, бүлдіршіндердің балалық шақ қызығын көрмеуі. Тіптен, 7-ақ жас айырмашылығы бар екі жасөспірім баланы салыстырып көрсек, балалық шақтары жайындағы әңгімелеріндегі айырмашылық жер мен көктей. 14 жастағы Айдос бала кезінде жаз айларында достарымен доп ойнап, қыс түссе шаңғы тепкенімен бөліссе, 7 жастағы Дархан балалық шағын, тіпті қазіргі кезін сабақтан кейін ғаламтор желісіне кіріп достарымен онлайн ойындар ойнайтынын айтып мақтанады.

  Бүгінде табиғаттағы қарапайым құбылыс тіптен алғашқы қардың жауғанын ғаламтор желісінен білетініміздің өзі көңілге қара дақ салады. Сонымен қатар, ресторан, кафе бизнестерінде де «Тегін WiFi» жазуын жиі көріп жатамыз. Ал, біз ол жерлерге көбінесе ұзақ уақыт көріспеген дос-жаран, құрбы-құрдастармен кездеуге баратынымызды қайдам, керісінше ғаламтордағы жеке парақшамызға кіріп, өзге,  тіптен, танымайтын адамдармен сөйлесіп, әуреде боламыз.

Көру, сезу,сүю,кездесу, көрісу,тілдесу, қол ұстасу – ол шынайы өмір. Бетперде, белгісіз хаттар, бейтаныс жандар – ол жалған өмір. Таңдау өз еркіңізде...