Ғаламтор бетіне тағы бір тренд шықты #deadpose

Техника дамыған сайын адамдар түрлі әрекеттер жасап, ойындағы идеяларды іске асыруға құмар болып барады. Олардың ішінде жақсылығы мен жамандығы бір-бірімен тайталаса қатар жүруде.

Бүгінгі таңда көпшілікке танымал "Инстаграм" әлеуметтік желісі арқылы ғажайып суреттер мен жаңашыл ойлардың ғаламтор бетінде толастап жүргенін барлығымыз жақсы білеміз. Бұған дейін үлкен танымалдылыққа ие болған "Манекен Челлендж" (Mannequin Challenge) жобасын, енді басқа дүние алмастыра бастады. 

#deadpose хэштегімен күллі желіге тарала бастаған бір ғана сөз мыңдаған адамның жасап көруге тұрарлық әрекетіне айналды. Қазіргі уақытта желі қолданушылары манекен емес өлген адамның бейнесін сомдауға көшкен.  Дүйім жұртқа жылдам таралған бұл трендті пайдаланушылар, ойлаған образында бір рет өліп көруде.

Әрине, жақсы дүние болса жасап көруге болады. Алайда, өмірдің ащы-тұщысын айыра алмай жүріп о дүниеге аттануды ойлау бассыздық деп білемін. Бұл біреуге ұнар, біреуге ұнамас. Бірақ, біз айтты деп бұл тренд тоқтап қалмас. Сонымен назар аударыңыздар, жаңа трендті жаһандағы жұртшылықтың қалай жалғастырып жатқандығын.



Бөлісу: