Ғаламшарымыздағы ең ірі сауда орталығы

Ғаламшарымыздағы ең ірі сауда орталығы
жеке
блог

"Dubai Mall" — Дубай қаласы орталығындағы үлкен сауда орталығы. Ол доллармен есептегенде 20 миллиардтық  Бурж Халифа орталығының бір бөлігі есептеледі. 

2008 жылы әлемді таңқалдырған ашылу салтанаты өткен бұл орталық 600 ден астам дүкендерден тыс басқада түрлі қызметтерді ұсынады. Оның 22 экранды кинотеатры және Лондондағы Режент Стрит Олимпия ойындары өлшеміндегі мұз сарайы және басқада түрлі кереметтері бар. Аталмыш сауда орталығы 2011 жылғы көрсеткішімен, яғни орталыққа келген 54 миллион кісімен әлемдегі ең көп адам келетін сауда орталығы аталды.

"Dubai Chronicle" интернет журналының мәлімдеуінше, "Apple" Орта Шығыстағы бірінші дүкенін осы орталықта ашу мүмкін екен. 

Сауда орталығының сыртқы алаңында адамдар  бір-бірімен кездесетін көркем саябақ бар.

Бұл орталықта көптеген шаралар ұйымдастырылады. Орталық ашық алаңының дәл ортасында  модалар көрсетілімі үшін подиум орнатылған.

Сауда орталығының аквариумында 33 мыңнан астам теңіз жануары жасайды. Оның үлкен панельі  "Гиннестің рекорттары" кітабына ең үлкен акрилді панель ретінде енгізілген.

Бұл жерде акулалар тунеліде бар.

Дубайда жалғыз Олимпия ойындары стандарттарына сай өлшемдегі мұз алаңыда осы орталықта.  

Интерьер дизайн жөнінде сөз қозғау артықша...  

Бұл бөлім “Star Atrium” яғни жұлдыздар сарайы деп аталады.

Сауда орталығында "Fashion Avenue", яғни модалар көшесіде бар, оның дизайны үшін көп тер төгілгені көрініп тұр. Төбеге қараңыз!

"Dubai Mall"дың тағы бір ерекшелігі оның ішінде ауқымды субұрқақтың барлығы.

Ол жерде орнатылған сүңгуірлер шыны талшықтарынан жасалған болып, сарқырама ағысына өзгеше көрініс береді.

"Gold Souk" — “алтын базар” да ерекше орын. Бұл жерде 200 ден астам дүкендер қызымет етеді.

Орталық бойлап көптеген грек архитектурасы көрінісіндегі сарай аулалары орналасқан және олар аса жоғары талғаммен безендірілген.

 

"The Reel Cinema" үлкен 22 экранды кино орталық болып, 2800 адамды қабылдай алады. Ол осы елдегі ең ірі кинотеатр есептеледі.

Балалар үшін  "SEGA Republic" деп аталған тематик саябақта бар.

"The Grove", ресторандар көшесінен Орта Жерден бастап Азияға дейін орналасқан елдердің барша ұлттық асхана тағамдарын таба аласыз.

“At The Top” Бурж Халифа зәулім үйінің  124-қабатындағы тамашалау алаңы. Ол жерде ең биікте орналасқан сыртқы тамашалау  алаңыда бар...

Күн батуымен сыртта халықты өзіне баураушы субұрқақтар шоусы басталады.

Алыстанда көрінісі жаман емес.

Басқа жағынан сіз Дубай қаласының аспанмен таласқан ғимараттарын көресіз.

Субұрқақтар шоуынан көрініс...

Бұл субұрқақтың жоғарыдан көрінісі... 

Түнде бүкіл сауда орталығында  неон шырақтары нұр таратады...