ҒАЛАМДАҒЫ ЖҰЛДЫЗ БІТКЕННІҢ БӘРІ ЖӘНЕ СОЛАРДЫҢ КЕЙБІРІНІҢ СОҢҒЫ БІТУ КҮЙІ – ҚАРА АПАННЫҢ КҮҢГІРТ ЭНЕРГИЯҒА, КҮҢГІРТ МАТЕРИЯҒА ҚАТЫСТЫЛЫҒЫ ШЫН
блог
ҒАЛАМДАҒЫ ЖҰЛДЫЗ БІТКЕННІҢ БӘРІ ЖӘНЕ СОЛАРДЫҢ
КЕЙБІРІНІҢ СОҢҒЫ БІТУ КҮЙІ – ҚАРА АПАННЫҢ КҮҢГІРТ
ЭНЕРГИЯҒА, КҮҢГІРТ МАТЕРИЯҒА ҚАТЫСТЫЛЫҒЫ ШЫН
Дәуренбек Әзенұлы ӘУБӘКІР
Л.Н. Гумилёв атындағы ЕҰУ профессоры, Нұр-Сұлтан қ. E-mail: segiz-seri@yandex.ru
Кіріспе. Соңғы кездері «қара апан» ұғымымен байланысты мақалалар басқа да жарияланымдар Интернет торабын жайлап алды. Бір жағынан, оның табиғаты осы уақытқа шекті толық айқындалып болмағанын көрсетсе, екінші жағынан, сол ұғымға қатысы бар құбылыстар, санғилы болжамдар, ой-топшылаулар мен тұжырымдамалар, тіптен, кейде қиал-ғажайыпқа жанасатын идеялар ағыл-тегіл айтылуда, жазылуда. Әйгілі астрономдар мен астрофизик ғалымдардың топшылауынша, барша Ғалам материясының 70-80 % шамалы мөлшері “күңгірт энергиядан” тұрады екен, 15-25 % шамасы “күңгірт материядан”, ал тек қана 5 % шамасы ғана жай өзіміз білетін, көре алатын, түйсіне алатын заттан тұрады екен. Осы арада ғалымдар шатастырып жүрген жоқ па өзі(?) – дегендей күдік те туындауы әбден мүмкін, өйткені сол ғұлама деген мамандар материя мен энергияны бір-бірімен қосып, қойыртпақтап тұрғандай сезім туындатады. Менің түсінуімше, бұл арада сонша қайшылық жоқ(!) – дер едім. Себебі, Эйнштейннің белгілі заңдылығына жүгінсек, E= m·c2, яғни m= E/c2, демек, энергия жүрген жерде масса міндетті түрде бар болмақ. Осыдан көзге елестетіп көріңіздерші: массамен өлшегендегі шамасы бүкіл Ғалам материясының 80 % болса, жарық жылдамдығының квадратына бөлінген энергиямен өлшегендегі шамасы қандай болмақ?! Мінеки, осы “күңгірт энергияң” да, “күңгірт материяң” да бүгінгі күнге дейін өздерінің құпияларын ашқызбай, сырын айқындатпай келетінін қайтерсіз? Біз “күңгірт материя”, яки Күңгірт Дүние жайлы өз ойларымызды білдіріп бірнеше мақала жариялаған едік [1]-[3], енді “күңгірт энергия” туралы да өз пайымдауларымыз бар екенін баршаға паш етпекпіз.
Кілттік сөздер: күңгірт энергия, күңгірт материя, қара апан, жеод, вакуд, Хаббл тұрақтысы, робот-жиһангер, антиматерия, аннигиляция, вакуум энергиясы, теріс масса
1. Кез келген кеңістік вакуумдық ортада уақыт тезінде қалыптасады
Кеңістік пен уақыт орасан зор массаның әсерінен майысқан кезде немесе қайта түзуленіп, қалыпты түріне келген кезде вакуумдық ортаның ғаламат энергиясын айқындап, шығарады, міне осы энергия – Эраст Глинер “жеод” деп отырған “күңгірт энергияға” қосымша “күңгірт энергия” болып табылады деп топшылауға әбден болады: Ленинградтағы Иоффе атындағы Физика-техникалық институтта 1966 жылы физик Эраст Глинер теория түрінде тұжырымдағанындай, өте үлкен жұлдыздар өзіндік гравитациялық күштің әсерінен сығымдалған кезінде “жеодтар” деп аталатын күңгірт энергия үймелерін қалыптастырады [4]. Біз осы енгізіп отырған “күңгірт энергия” ұғымына “вакуд” (VACUDE - Vacuum Dark Energy) деген атау береміз, Глинердің “жеод” (GEODE - Generic Objects of Dark Energy) деген атауымен шатастырмас үшін. Яғни, “вакудтар” жұлдыздың айналасындағы деформацияға ұшыраған кеңістік-уақыттың сол жұлдыздың ғұлама массасы әсерінен туып, жұлдызға өзіндік – реактивтік әсер көрсететін “күңгірт энергия” үймесі.
Екіншіден: біздің бұл ой-топшылауымызды негіздеу үшін мына мақалаға сілтеме жасауға болар еді [5]. Дегенмен де, М. Бровкиннің идеясы геометриялық-нобайлық тұрғыдан ғана ұсынылған, ал біздікі концептуалды идеяға негізделген: кез-келген вакуум ішкі квази ЭБ қамтиды, сондықтан да, осы вакуумдық ортаның орасан үлкен массаның әсерінен деформацияға ұшырауы және де қайта қалыпқа келуі атом ядросының құбылуындай энергия бөліп шығарады. Ал бұл вакуум кеңістік ортасы болса ше(?) – оның энергиясы жойқын болары айдан анық. Мінеки, осындай энергиялардан «күңгірт энергия» үйме-үйме болып қалыптасуы әбден ықтимал! Яғни, Э. Глинер айтқан күңгірт энергияның (КгЭ) пайда болуына қосымша бұндай энергияның туындауының вакуум-тектес механизмі де болуы қисынды демекпіз. Және де, Глинерше пайда болатын КгЭ ішінара сипатта болса, яғни жұлдыздың өз бойындағы активті кинетикалық энергиясы (КЭ) болып табылса, вакуум-тектес КгЭ оған сырттай әсер ететін “потенциалдық” деуге келетін реактивті энергия болмақ (ПЭ). Демек, жұлдыздың кеңістік ортасында бір аумақты алып тұруы, сол маңда тежелуі, өзінің алыс-жақын айналасындағы аспан денелерімен алшақтық жағдайда орналасуы т.т. негізінен осы вакуум-тектес КгЭ сипаттарына – атрибуттарына тәуелді болатынға ұқсайды. Тіптен, осы арада тағы бір идея сұранып тұрғандай: жұлдыздың бір қалыпты жағдайда орнығып, тепе-тең қалыпқа келуіне осынау екі түрлі күңгірт энергия жауапты болса керек:
КгЭ=КЭ+ПЭ. (1)
Бұл жерде айтпағымыз: вакудтың жеодқа қарағанда тағы бір ерекшелігі бар – вакуд кері әсер күшінен туындайды, сондықтан да оның таңбасы жеодтың таңбасына қарама-қайшы болары заңды, яғни ол теріс таңбалы энергия туындатады. Демек, вакуд туындататын масса да теріс таңбалы болмақ [6].
Ал, жұлдыздың коллапсынан – жойқын жарылысынан кейін соның өзек-орнында пайда болатын қара апанның (ҚА) қасиеттері ше – олар неге тәуелді болмақ, қалай неден құралмақ?
Осы беймәлім табиғи дүние жайлы ойларымызды ұштай түсу үшін Эйнштейн көп ретте үлкен құлшыныспен қолданған ойлау тәжірибесін біз де ойша жүзеге асырып көрейік. Әйтеуір ҚА көп жағынан белгісіз және де Адамның оған жолауы неғайбыл болғандықтан шарасызбыз.
2. Ерен жойқын қара апанның күңгірт материяға және энергияға қатыстылығын
зерттеуге жолданған ерекше мықты, қанша иілсе де сынбай, бүтіндігін сақтайтын
және де өзіне жүктелген тапсырманы бұлжытпай орындайтын робот-жиһангердің
қиали-ғажайып барса-келмес сапарында көрген-білген, жиған-терген қызықтары
Ғалам дүниесінде миллиондаған галактикалар – шоқжұлдыздар бар, ал солардың әрқайсысында миллиардтаған жұлдыздар бар екенін астрономия, астрология һәм астрофизикадан білеміз. Мысалға, біздің өмір кешіп жатқан Күн жүйесі мен Жер шары жайғасқан Құс жолы шоқжұлдызында екі жүз млрд жұлдыздар шоғырланған. Сонымен қоса, қаншама жұлдыздар жаңадан туып не қалыптасып, құрып бітіп не қара апанға айналып жататындары да соншама көп болса керек. Мінеки, осындай туу-біту құбылыстарының әрбірі жоғарыда айтылғандай, «күңгірт энергия» үймесінің екі түрін туындатады екен. Әлбетте, “жеодтар” мен “вакудтар” шамалары соларды туындатушы жұлдыздың массасына һәм инерциясына – гравитациясына тікелей тәуелді болмақ. Сонда, ол құбылыстар “күңгірт материя” туындатпайды, соған қатыстылығы жоқ – деп болжаудың өзі орынсыз екені сөзсіз.
Сырттай бақылаушыға ҚА қап-қара болып көрінгенімен (өйткені оған бағытталған жарық сәулесі осы ҚА оқиғалар көкжиегінен – ОК өткен соң қайта шыға да алмайды, шағылыса да алмайды!), оның ішіне етене енген жасанды зердемен (ЖЗ) және де зерттеуге қажетті құрал-саймандардың баршасымен жабдықталған интегралдық буынына жататын интеллектуалды робот-жиһангердің (ИРЖ) зер салуы алдында ҚА ішкі дүниесі ғажайып көріністерге лық толы қызылды-жасылды сапырылысқан орта болып көрінері хақ, өйткені бұл жағдайдағы ИРЖ сыртқы емес, іштей бақылаушы рөлінде әрекет етуде. Әрине, ол осындай күйге жеткенше санғилы әсерлерге ұшырайды, құрдымға кетуі де әбден мүмкін. Бірақ-та, тақырыпта талап етілгендей ИРЖ соның бәріне төзе біледі, шыдап бағады да, тапсырманы орындауға кіріседі.
Осы арада мынадай мәселені де шешіп алғанымыз абзал: ИРЖ өзін тапсырмаға жолдаған зерттеушілермен байланыста бола алады деген талап қойылуы да орынды болмақ, ал ол қалай жүзеге асырылады деген сауалға біз әзірше былай жауап берер едік: әр ҚА өз ОК сыртында қуатты джет түріндегі сәулеленуімен бірге радиотолқындарды таратады, міне осы мүмкіндікті пайдаланып, ИРЖ ғарыш кеңістігіне қарай біржақты дабылдарын таратып отырса, бірде болмаса, бірде Жерге немесе ғарышта әдейілеп ұшып жүрген жасанды зондқа жетер еді.
Жә, бәрі солай-ақ болсын делік! Енді күңгірт энергия мен күңгірт материяны біріктіру идеясын қалай негіздеуге болады? – деген сауалдың айналасында ой толғап көрелік. Ең алдымен (1) формуласына қарай отырып, келетін ой: ПЭ мен КЭ бір-бірімен шамалы болса, нәтиже беретін КгЭ нөлге айналмақ, яғни ҚА буланып ғайып болып кетеді (аннигиляция); сонда оның орнында не қалады? Теріс таңбалы күңгірт энергия қалады, өйткені ҚА жайлап, содан деформацияланған кеңістік-уақыт ортасы керіліп, қалыпты жағдайына келеді, ал бұл үдеріс міндетті түрде энергия бөледі. Яғни, осы КгЭ туындататын масса теріс болады, онда ол күңгірт материя туындатады. Сөйтіп, аннигиляцияға ұшырап, жойылып отыратын ҚА күңгірт материяны молайта түседі екен.
Жалпы алғанда, қара апанды материя деп қарастыратын болсақ, ол тек күңгірт материя түрінде болады, өйткені ол күңгірт энергиялар туындататын құрылым, сондықтан да оны кәдімгі материя деп қарастырудың еш жөні жоқ.
Вакуум энергиясы туралы мына жарияланымда айтылған [7], ал келесі жарияланымда өзімен массасы бірдей жұлдызға қарағанда, қара апанның гравитациясы күштірек болатыны тұжырымдалған [8]. Осының бәрі нені көрсетеді? Әрине, күңгірт энергия туындататын массаның тебіліс куатының жойқындығын паш ететіндігін, ал бұл өз кезегінде жұлдыздардың һәм шоқжұлдыздардың бір-бірінен зор тұрақты жылдамдықпен алыстай беретінін негіздейді. Ол жылдамдық – «Хаббл тұрақтысы» деп аталады (шоқжұлдыздың өлшеуге болатын алыстуының жылдамдығының соған дейінгі қашықтыққа қатынасы). Бұл тұрақты шоқжұлдыз аралық кеңістіктің жұмысын сипаттайды. Осы тұрақтыны анықтаудың ғалымдар ойлап тапқан үш әдісі бар екен, соның дәлірегін соңғы кезде ғана анықтаған: бұл әдіс екі нейтрондық жұлдыздың бір-бірімен қабаттасуы кезіндегі гравитациялық және электр-магниттік толқындарды бірге зерттей отырып өлшеу әдісі. Соны қолдану арқылы Хаббл тұрақтысының мегапарсекке шаққандағы мәні 70,3 км/сек екені анықталды [9].
Мінеки, осының бәріне куәгер бола алған ИРЖ нендей қызықтарды бақылағаны біздерге аян болды. Әлбетте, ҚА буланып Ғаламның алыс түкпірінде ғайып болып кеткенінше зерттеу ұйымдастырған тәжірибеші-ғалымдарға сол бақылағандарын жеткізіп беріп отырды дейік. Сол қызықтарының ішінде ИРЖ ҚА ішіне тереңдеген сайын уақыттың баяаулай беретінін де, оқиғалардың бәсеңси беретінін де және өзінің әрекеттік мүмкіндіктерінің кеми түскенін сезеді.
3. Біздің ертеректе болжап, тұжырымдаған кейбір нәтижелер қайта жаңғырығуда
«Ткань пространства-времени состоит из крошечных зёрен, известных как кванты – “атомы” пространства-времени. Сборки этих квантов называются конденсатами, и физики обнаружили, что чёрная дыра, состоящая из конденсатов, будет обладать всеми подобными свойствами, и их взаимное поведение и гравитационные эффекты могут быть решены изучая свойства только одного» [10]. Мұндағы «“атомы” пространства-времени – крошечные зёрна» дегені ақпаратнама ғылымындағы вакуум-ұяшық, ал «конденсат» дегені вакуум-ұяшықты субстанциялық орта (ВҰ-СО) – кеңістік-уақыт орнығатын түбегейлі орын. Яғни, Эйнштейннің салыстырмалылықтың жалпы теориясындағы «Ұлы жарылыс» осы вакуум-ұяшықтардың бірінде басталған, сондықтан да біз оларды «Ғаламның геномы» деп атаған болатынбыз. Сонда пайда болған кеңістік-уақыт ВҰ-СО – вакуум-ұяшықты субстанциялық ортада орныға қалған. Сондықтан да, осы вакуум-ұяшықтарды басқаша «миниатюрлі қара апандар» деп те атағанбыз. Бұны тәптіштеп айтып отырған себебіміз: «Ұлы жарылысқа дейін не болған?», «Ұлы жарылыс қай жерде орын алған?», «Ғалам дами бастағанда кеңістік қалай, қай ортада қалыптасқан?», «Мультиғаламдар болуы мүмкін бе, олар бастауларын қай жерден алады?» т.б. осыларға ұқсас сұрақтар бүгінгі күнге шекті жауапсыз қалып келе жатқаны белгілі. Көріп отырғанымыздай, осы сұрақтардың көбі жоғарыдағы біздің жұмыстан жауаптарын табады десек, қателеспейміз.
4. Қорытынды нәтижелер мен болашағы ғажап жаңалықтар
Келесі үш жарияланым ғалымдардың адамзат алдындағы ұлы жетістіктерге бастайтын ғұлама нәтижелерінің шеті көрінгендігін паш етеді [12]-[14]. Антиматерияның неліктен көрінер Ғаламда үлесі аз, тіптен, жоқтың қасы екендігінің сыры ашылды, сөйтсек, оның басты себепшісі күңгірт материя мен соның элементарлық бөлшектері екен [12]-[13]. Антиматерия (АтМ) табиғатта бар болса, тек сол күңгірт материя (КгМ) құрамынан іздеу керек болады. Ал, КгМ кәдімгі материямен еш қатынасқа түспейді, сондықтан да АтМ КгМ құрамынан бөліп алу қиындықтар туындатады. Бұл мәселені шешуде КгЭ көмекке келуі әбден мүмкін [14]. Егер-әки бұл мәселе шешілсе, онда адамзат энергияның өлшеусіз көзіне қол жеткізбек және осы энергия түрін ғарышта, Ғаламның кез-келген түкпірінде қорытып ала беретін болады. О, ғажап! Бұған қоса айтарымыз: «Көпіршік-ату һәм кавитион категориялары осынау күрмеуі қиын мәселелерді зерттеуде жаңаша көзқарас қалыптастырып, қомақты үлестерін қоспақ [1]-[3].
ӘДЕБИЕТТЕР ЖӘНЕ САЙТТЫҚ СІЛТЕМЕЛЕР:
1. Дәуренбек Ә. ӘУБӘКІР. Табиғи магнитизм құбылысын көпіршік-ату һәм кавитион категориялары арқылы қайта негіздеу. Күңгірт фотон, электрон, магнит – қараңғы дүние// 25 тамыз 2019, 16:44. Блогқа жазылды: Massaget Порталы – https://massaget.kz/blogs/25746/
2. Д.А. Аубакир, Е.Д. Азен. Природный магнетизм через призму категорий кавитации и кавитиона. Тёмные фотон, электрон и материя// 29 августа 2019, 19:11. Внесён в Блог Портала Massaget – https://massaget.kz/blogs/25748/
3. D.A. Aubakir, Y.D. Azen. Natural magnetism through prism category of cavitation and cavition. Dark photon, electron and matter// 31 August 2019, 01:17. Posted in Blog of the Massaget Portal - https://massaget.kz/blogs/25751/
4. Дарья Елецкая. Могут ли чёрные дыры быть сделаны из тёмной энергии?// 13.09.2019: https://hi-news.ru/space/mogut-li-chernye-dyry-byt-sdelany-iz-temnoj-energii.html?utm_referrer=https%3A%2F%2Fzen.yandex.com
5. Михаил Бровкин. Энергия вакуума?// 15.09.2019: https://zen.yandex.ru/media/mihail_brovkin/energiia-vakuuma-5d5171fe97b5d400ae75f6e2
6. J.S. Farnes. A unifying theory of dark energy and dark matter: Negative masses and matter creation within a modified ΛCDM framework// A&A - Astronomy & Astrophysics, V. 620, 05 December 2018, A92, Cosmology (including clusters of galaxies), DOI https://doi.org/10.1051/0004-6361/201832898
7. Одна из главнейших загадок Вселенной – энергия// 21.09.2019: https://zen.yandex.ru/media/id/ 5d6d3d1692414d00aebaaf33/odna-iz-glavneishih-zagadok-vselennoi-energiia-5d6e841d74f1bc00ad1ab4e0
8. Почему гравитация черной дыры сильнее, чем у звезды с такой же массой//21.09.2019: https://zen.yandex.ru/media/id/5b3ea83a74a36700a9e7945a/pochemu-gravitaciia-chernoi-dyry-silnee-chem-u-zvezdy-s-takoi-je-massoi-5d24652131878200adb4edef
9. Владимир Бычек. Астрофизики предложили новый взгляд на устройство Вселенной// 13.07.19: http://4pda.ru/2019/07/13/359036/?utm_referrer=https%3A%2F%2Fzen.yandex.com
10. Новое исследование: чёрные дыры – не более чем голограммы// 21.09.2019: https://zen.yandex.ru/media/world_around/novoe-issledovanie-chernye-dyry--ne-bolee-chem-gologrammy-5d65243a027a1500ad1d91ed
11. Д.А. Аубакир. Загадки черной дыры. Вакуумо-сотовая структура субстанциональной среды и логика существования генома мира// Мысль. 2005, №11, с. 68-70.
12. Физики объяснили происхождение антиматерии// 30.11.2018: http://techno.bigmir.net/discovery/1504683
13. Физики доказали существование тёмной материи// 16.04.2019: http://techno.bigmir.net/discovery/1536961-Fiziki-dokazali-sucshestvovanie-temnoj-materii
14. Науку ждет прорыв: Тёмной энергии предсказали успех// 18.04.2019: http://techno.bigmir.net/discovery/1537050-Nauku-zhdet-proryv--Temnoj-energii-predskazali-uspeh