Ғажайыптарға толы «БалмұзDay» мерекесі
жеке
блог
блог
Алматыдағы Мәдениет пен Демалыс орталық саябағында «БалмұзDay» 24 маусымда «БалмұзDay» фестивалі өтті. Балалар мен олардың ата-аналарына арналған мерекелік шарада 1 тоннаға жуық балмұздақ таратылды, әр түрлі ойындар мен қызықты байқаулар өткізілді, балалар сурет салып жарысты.
Фестивальге келген 30 мыңға жуық Алматы қаласының тұрғындары мен қала қонақтары алғашқылардың бірі болып пайдалы балмұздақтың дәмін татты. «Денсаулық десанты» деп аталатын био-балмұздағының құрамында бифидо мен латорбактериялар бар, ол иммунитетті күшейтуге, асқазан жұмысн жақсартуға жол береді.
Мерекеге келген қонақтар аспанға мыңға жуық әуе шарларын жіберді. Бұл келесі фестивальге дейін аман-саулықта болайық деген әдемі ишарат болған секілді