Футболдан көңілім қалды ...

Футболдан көңілім қалды ...
жеке
блог

Араларыңызда футбол қарайтын оқырман бар ма? Мен өз басым футболды қатты жақсы көремін. Апта сайын қараймын. Өзімше статистика да жүргізіп отырамын. Бірақ ... 

Осыдан екі ай бұрын бір кісімен дастархандас болу бұйырды. Жасы 30-дас асып кетті. Біраз дүниенің басын шалдық. Сөйтіп, футболмен қорытындыладық. 

Футбол туралы көп нәрсе біледі екен. 1994 жылдан бері футбол көреді. Сол кезде футбол мен қазіргі футболды әңгіме қылдық. Айтуынша, бұрынғы футбол мықты екен. Енді оған қарсы келе алмадым. 

Мен өз басым футболды 1998 жылдан бері көріп келемін. 20 жылдай болыпты. Салыстырып отырсам, шынымен бұрынғы футбол қызық. Тартысты болатын. Жылаңқы футболшылар жоқ. Қазіргідей ауысып жатқан кезде бір-бірінің бетінен сүйетін нәзік футболшылар жоқ. 

Өткен шақтағы футболды таусытып, қазіргі футболға көшті. Бір кезде терең күрсініп, қазіргі футболдан көңілім қалды дейді. "Неге", - деймін мен. Қазір барлығы келісіп алынған. Роналду мен Месси, Моуриньон мен Зидан бапкерлер қолдан жасалды. Баджо мен Рауль Кройфф пен Лобановский секілді мықтылар жоқ дейді. 

Қазіргі күннің футболы ФИФА-ның кәсібі екен айтуынша, Сенбесең, соңғы жеңімпаздарға қарашы. Соңғы рет Чемпиндар лигасын Испан клубтары жеңді. Не үшін? Таза саясат. Испанияны көтеру керек болды. Оның үстіне Каталонияның соңғы кезде тәуелсіздік алғысы келетінін білесің. Сол дауды басып қою үшін. Және бір себеп, Зиданды көтеру керек. Зинеддиннің футболдан қалай кеткенін барлығы біледі ғой. Негатив қаһарман. Енді соны позитивке ауыстыру керек болды. 

Оның алдында Бавария алды. Неге? Себебі, Германия УЕФА-ға қыруар ақша берді. Стадиондарды қырып салып, жанкүйер жинау жағынан алдына жан салмады. 

2011-12 жылғы маусымда "Челси. Бұл әңгіменің жөні бөлек. Абромовичке тікелей байланысты. Тапқан ақшасының көп бөлігін клуб және УЕФА-ға тықты. Сол үшін "Челсидің" алғанына еш таңғалған жоқпын. 

2009-2010 жылы "Интер". Моуриньоны көтеру үшін. Сол себепті "Интер" алды. Осылай футбол туралы өз назын айтты. 

Енді мен не дерімді білмедім шыны керек. Бірақ, бұл пікірмен толық келіспеймін. Дегенмен де қазіргі футболдың қызығы кетіп жатыр. Бәрі сатылады. Оған бірер мысал. "Ливерпуль" пен ПСЖ клубтарының ойындарын көрдіңіздер ме?

Бұл екі ойын да таза букмекерлерге арналған ойын болды. Неге? "Ливерпуль" өткен турда "Брайтонмен" ойнады. Жеңді, әңгіме жоқ. Бірақ бұл кездесудің сценарийін УЕФА әдемі жасады. Обе забьет деген "ставкаға. "Брайтонның" голын көрдіңіздер ме? Теп-тегіс жерден пенальти беріп, обе забьетті ойнатты. Ал ПСЖ болса түзде Страсбургтан жеңілді. Осылайша 20 кф ойнатып кетті. Бұл менің көрген соңғы күмәнді ойындарым. Мұндай жағдай көп болды. Сол үшін қазіргі футбол "таза" емес деп уверенно айта аламын. 

Сұқбаттасым екеуміз 2 сағаттай сөйлестік. Әңгіме соңында, "мен қазір футбол" көрмеймін", - деп қорытындылады. "Футболдан көңілім қалды", - деді.  Қазір кәсіпқой боксты қарап жүрмін. Бірақ онда да шикіліктер көп. 

Мен ше, мен әлі футбол көремін. Иә, әділетсіздіктер көп кездеседі. Дегенмен де көре беремін. Өйткені, футбол менің бірінші махаббатым. Рас, осы уақытқа дейін көп махаббатым көңілімді қалдырған. Бірақ футбол көңілімді қалдырмаса екен деймін. 

Сіз не ойлайсыз. Пікір жазсаңыздаршы. Қиын емес қо а так.