Футбол көру қыз балаға жараса ма?

Футбол көру қыз балаға жараса ма?
жеке
блог

Достарым, көптен көрінбей кеткенімді білем, сол үшін кешірім сұраймын. Бүгін Рафхат бауырым блог бастапты, іске сәт!

Бүгін мен сіздерге бір сұрақ тастайын деп отырмын. Футбол көретін қыздарды қалай атауға болады? :)

Қазір дүбірлі Әлем Чемпионаты жүріп жатыр. Футбол тек жігіттердің ғана емес, кейбір қыздардың да түн ұйқысын төрт бөлуде. Ол жасырын емес. Ал осы футболды біз тек қана жігіттердің ойыны, былайынша айтқанда жігіттердің жекеменшігі дей аламыз ба, жоқ па?

Біз, жігіттер, қыздардың опа-далабынан дәмелі емеспіз, әсіресе намысшыл қазақ жігіттері қыздарға тиесілі биік өкшеден алыс жүреді. Биік өкшені ер адам ойлап тапса да, қыздар әу бастан нәзік, сұлу жаратылыс болған соң, қыздар мен жігіттердің өзіне ғана тән тұтынатын заттары, қызығушылықтары болу керек деген ойдамын. Шынымды айтсам, футболды қыздар не үшін көретіні мені қызықтырады. Иә, футболды шемішкедей шағатын қыздарға тек қана қызығып қарауға болады, бірақ футбол әу бастан жігіттерге тән ойын емес пе? Қалай ойлайсыздар? Жоқ, бұл сөзіммен футболды қызғанып отырғам жоқ, футбол көретін қыздарға қарап отырып сүйсініп қалам. Бірақ бәлкім бірнеше заман өткен соң қыздар балық аулауға шығар??? Сөйтіп жігіттердің қызығушылықтарын өздері иемденіп алар?

Осы тұрғыда ой өрбітейік, достарым. Бұл жерде кілең сен тұр, мен атайын деген мықты-мықты жастар отыратынын байқап жүрмін, тұщымды ойталқы күтемін... 

Сурет: вк