Футбол әлеміндегі қызықты мәліметтер

Бір ойындағы 55 пенальти...

1986 жылы Аргентина кубогы үшін өткен  "Аделант-Рибенк" және  "Кальвес" командалары арасындағы кездесуде 11 метрлік айып добын тебудің өзіндік  рекорды орнатылды. Ойынның негізгі уақыты 1-1 есебінде аяқталды. Ең қызығы екі голда пенальтиден соғылған. Ойыннан соңғы  пенальтилар сериясы "Аделант Рибенк" тің жеңісімен аяқталды. Есеп  28-27. Жалпы  55 гол!!!

Жаға ұстатқан гол...

Фанаттардың жаға ұстауына мәжбүр болған голды 1973 жылы “Барселона” мен өткен ойында “Спарта” (Роттердам) қорғаушысы соққан. Қорғаушы допты өз қақпасынан алыстата тұрып, допты аса күшті соққымен жоғарыға бағыттап тебеді. Доп жел бағытымен ұшып, аспанда жарылған күйі “Барселона” қақпасына желсіз жағыдайда түседі. Төреші допты алмастыруға бұйырық береді және ойыншылардың қарсылығына қарамастан голды есепке алады.

Ең әділ төреші...    


Футбол тарихындағы англиялық Мелвин Силвестр – ең әділ төреші есептеледі. Ойын уақытында команда шабуылшыларының бірі болған Ричард Керд төрешіні бір неше рет түрткілейді. Соңғы рет төрешіні түрткілгенде намысқа шыдай алмаған төреші оған 3 рет соққы бағыттап алаң ортасында сұлатып салады. Содан соң, төреші өзіне қызыл карточка көрсетіп алаңнан шығып кетеді.

Футбол бәсекесіндегі қанды оқиға... 

Өткен ғасырдың 70-жылдарында Аргентинада жергілікті "Хувентуд" және "Хенераль Кабальеро" топтары арасында өткен бәсекеде қанды оқиға орын алған. Ойынның  43-минутында бас төреші Хосе Леон Бегудо "Хувентуд" ойыншысы Хоакин Масиалді алаңнан «айдайды». Ашуланған ойыншы төрешіге қол жұмсайды, сол сәтте төреші ойланып жатпастан қалтасынан тапанша шығарып ойыншыны алаңда атып тастайды...

  Қанды оқиға тек осымен аяқталмапты: Хоакин Масиалдің трибунада отырған інісі төрешіні атып тастайды.

Төрешінің футболшыға «жәрдемі»...


Бұл таңғажайып оқиға 1967 жылы Тунис жасыл алаңдарының бірінде болған еді. Ойыннан шеттетілген ойыншы алаңды қуанышты жағыдайда босатады. Балалығынан есіту және сөйлеу қабілетінен айырылған ойыншы  төреші қабылдаған шешімнен қатты тәсірленіп өзін ұстап тұра алмайды және күтпеген сәтте... сөйлеп жібереді. Футболшы бар күші және инерциясымен төрешіге болған оқғаны түсіндіруге әрекет еткен. Бірақ төреші ойыншыны алаңнан шеттетеді. Футболшы бұған еш қайғырғанда жоқ. Себебі, ол қайтадан сөйлеу және есіту қабілетінің тіктелгенінен өте қуанышты еді..

Қызыл карточка керекпе?


Мұндай өте сирек кездесетін жағыдай Испания екінші дивизионы өкілдері "Сан Исидро" және "Олимпико Карранте" командалары арасындағы ойында орын алған еді. Ойын аяқталуына 3 минут қалғанында екі команда ойыншыларыда төреші шешімінен наразы болып кездесу бас төрешісін қоршап алады және оны шешімінен қайтаруға әрекет етеді. Бұл жағыдайда болса бас төреші еш ойланбастан, сабырлы кейіпте қалтасынан қызыл карточка шығарады және алаңда болған барша 22 ойыншыға көрсетеді....



Бөлісу: