Фрэнсис Бэконның философиясындағы ғылым бейнесі
блог
Ең алдымен Фрэнсис Бэкон деген кім ?
Фрэнсис Бекон - адам мен қоғам өміріндегі ғылым рөлінің прогрессивтілігін саналы түрде жеткізуші. Бэкон ғылымды суға ұқсататын. Ол не аспаннан жауады, не жер астынан шығады. Су тәріздес ғылым көзі не жер, не су болып келеді. Ол екі жақты білімді қамтиды: бірінші Құдаймен беріледі, ал екінші сезімталдық мүшелерінен бастауын алады. Ф.Бэконның философиялық идеясының – эмпиризмнің мәні: таным негізінде тек қана тәжірибе жататындығына. Жеке адамның практикалық немесе теориялық білімі көбейген сайын ол ақиқат білімге жақындай түседі. Ақиқат білім – түпкі мақсат емес, білім мен тәжірибенің мақсаты - адамның өз әрекетінде практикалық жетістіктерге жетуінде. Фрэнсис Бэкон ғылымдар классификациясын жасауға тырысты. Классификация негізі – адам ақылының қасиеттері: ес, қиял, пайым
Еске – тарихи ғылымдар,
қиялға – поэзия, шығармашылық
пайымға – барлық ғылымдардың негізі – философия сәйкес келеді
Мысалы, философияны әдебиетпен байланыстыратын болсақ, Оралхан Бөкейдің «Тортай мінген ақ боз ат» шығармасында Тортайдың кітапқа, білімге деген сүйіспеншілігін «Бұл дүниеде мен пір тұтар, сырласар жалғыз-ақ нәрсе бар, ол - кітап, әкем де, шешем де - кітап. Жалғыздығым, жетімдігім бәрі- бәрі ұмытылып, басқа бір жұмақты өмірге сапар шеккендей боламын» деген сөзінен-ақ байқай аламыз. «Әттең жағдай келсе, Алматыға барып, оқуымды жалғастырар едім. Шынымды айтсам, кітап жазып, жазушы болғым келеді» дейді. Бірақ, ол әрекет етпейді. Ата-анасының жоқтығына қайғырып, өзінің дәрежесін төмендетіп, досы Орашқа «Менің маңдайыма «ақ боз ат» емес, «көк өгіз» жазылған деп ауылда қалып қояды. Оның сол кездегі ойлаған мақсатының құны болмағаны және білімін практикада пайдаланып, өмірін өзгертпегені өкінішті. Егер де Тортай білімін пайдаланып, практика жүзінде жетістікке жеткісі келсе, онда арманы үшін әрекет етіп, «ақ боз атты» өз күшімен мінер еді. Міне, Бэконның философиялық кредосын бейнелейтін «Білім - күш» деген афоризмі осы шығармада ашылар еді. Алла Тағаладан берілген білім ары қарай сізге жемісін беруі тиіс. Әрекетке – берекет.
Авторлар: Сагиева Аяжан
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
1- курс магистранты
Данат Жанатайұлы Жанатаев
философия және саясаттану факультетінің профессоры, доцент