Франциядағы алғашқы баспаханалар Парижде 1470 жылы дүниеге келгені баршамызға белігілі. Ал газет шығару ісі он сегізінші ғасырда пайда болып, ең алғашқы француз газеті «Газет француаз» екені де мәлім. Мен бүгін «Газет француаздың» ізінше жарық көрген, «Француз меркурийі» және «Газетт» басылымдары туралы сөз қозғасам.
Алғашқы француз мерзімді басылымы «Mercure francais» («Француз жаршысы») баспасы – саяси және әдеби басылым болды. Ол 1611 жылдан 1648 жылға дейін Парижде шықты. Оның негізін қалаушы және баспагері - типограф Жан Ришар болды. Меркурийдің алғашқы нөмірі Франция мен Еуропада 1605 жылдан бастап бес жылдан астам уақыт бойы болған оқиғаларға арналды. Келесі шығарылымдар өткен жылдың жаңалықтарымен шектелді.
«Француз меркурийі» мен барлық француз журналистикасының одан әрмен дамуына ерекше әсер еткен жан – Кардинал Ришелье. Билік басына келген соң, Ришелье өзінің басты міндеті - орталықтандырылған патша билігін нығайту және провинцияларды орталық билікке қатаң бағындыру деп белгілейді. Деректерге сүйенсек, Ришелье елді, өзіне толық сенетін Король луи ХІІІ атынан басқарған делінген. Тағы бір деректерде Ришельенің өте көреген саясаткер болғандығы айтылады. Шынымен де солай болар. Себебі Ришелье Еуропада алғашқылардың бірі болып баспасөздің қоғамдық пікірді қалыптастыруда қандай рөл атқаратынын түсініп, өзінің саяси мақсаттарына жету үшін, енді ғана дамып келе жатқан журналистиканы қолдануға тырысты. «Кім ақпаратқа ие, сол әлемге ие» деген ой, дәл осы Ришельеге арналған секілді. «Француз Меркурийінің» көмегімен қоғамдық пікірге үнемі әсер етуді шешкен Ришелье басылымның басында өзінің сенімді адамын қойды. Ол капучин орденінің монахы, әкесі Джозеф (шын аты – Франсуа Леклерк дю Трамбле, 1577 – 1638) – Франциядағы ең білімді адамдардың бірі, теолог, уағыздаушы және жазушы. Ришелье Үкіметінде әкесі Джозеф Сыртқы істер министрі болған.
Әкесі Жозеф қайтыс болғанға дейін Француз Меркурийі редакторы болып қала берді. Ол журналдың нысаны мен мазмұнын айтарлықтай өзгертті, оны сол кезде ол бірде-бір елде болмаған алғашқы мемлекеттік мерзімді басылымға айналдырды,. Бірақ көп ұзамай Ришелье оған жыл сайынғы басылымға қарағанда басқа типтегі баспасөз қажет екенін түсінді. Ол оған және патшаға мемлекетті басқаруға көмектесетін және авторитарлық биліктің қуатты тірегі болатын мемлекеттік газет шығару туралы ойлана бастады.
Міне осындай ойдың жетегінде, XVII ғасырдың басында «La Gazette», яғни «Газетт» баслымы дүниеге келді. «Газетт» сол кездегі ең озық басылымдардың бірі еді. Сол кездері шығып тұрған, алғашқы тұрақты газеттердің өзі, осы газет секілді қоғамға әсер ете алмады. «Газетт» біз үйреніп қалған формаға жақын алғашқы еуропалық газеттердің бірі болды. Басылым Парижде Король Луи XIII 1631 жылдың 30 мамырынан бастап шыға бастады. Оның негізін қалаушы және алғашқы бас редакторы Теофраст Ренодо (1586-1653) болды.
Теофраст Ренадо Ришелье секілді, өте ақыджы азаматтардығ бірі еді. Негізгі білім – медицина саласында болғанымен, Еуропаға саяхат кезінде жергілікті газеттерді қызығушықпен оқып жүрді. 1624 жылы Ришелье оны мемлекеттік қайырымдылық ұйымдарының бас комиссары етіп тағайындады. Бұл лауазымда Ренодо кедейлерге, аштыққа көп көмектесті, дәрігерлердің тәжірибесімен алмасу үшін медициналық конференциялар ұйымдастырды. Оның бастамасымен тұрмысы төмен азаматтарға арналған тегін емхана ашылып, мектеп түлектеріне арналған академия құрылды.
Алдымен «Газетт» аптасына бір рет көлемі 15х23 см болып шығып тұрды. Газетте сот жаңалықтары, үкіметтің жарлықтары мен бұйрықтары, шетелдік жаңалықтар жаңалықтар шығып тұрған. «Газетте» жарнамалық мәтіндер, жарнамалар жарияланды. Газеттің парақтары бірыңғай нөмірленген, ал жыл соңында өткен он екі айдағы «Газеттің» барлық нөмірлері жазылған том жарық көрді. «Газетт» үлкен жетістіктерге жетіп жүрді. Басылымның бірінші жылында оны үш мыңнан астам адам оқыды. Көп ұзамай «Газетт» аптасына екі рет, содан кейін үш рет шыға бастады.
Өз сөзімді қорытындылайтын болсам, «Француз меркурийі» болсын, «Газетт» болсын, сол кездегі сөзі өтімді, ойы тұшымды, ақпараы айқын басылымдардың бірі болған.
Орындаған: Сайлау Әдия
Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент Майкотова Ғ. Т.
Аға оқытушы: Әлім Ә,.А.