Францияның әйелдер журналдары

Францияның әйелдер журналдары
жеке
блог

Әйелдер журналдары – әйелдер қауымының ең жақсы достары, фетиштің бір түрі, заманауи өмірдің белгісі. Француз баспасөзіндегі салалық әйелдер басылымдарын сөз етер болсақ, Франция әйелдеріне арналған журналдар өз бастауын он сегізінші ғасырдан алады. Алғашқы уақытта олар тек әдеби-ағартушылық бағытты ұстанып, дінді негізгі тақырыпқа айналдырып, тұрмыстағы шаруаларға қатысты ақыл – кеңестер беріп отырған. Бертін келе, заман ағымына қарай басылымдардың тақырыптары өзгеріске ұшырап, бейімделді. Оның үстіне, жас мөлшеріне және әлеуметтік жағдайға қарай бірнеше бағытқа бөлінді.

10 млн таралыммен басылатын француз әйелдер журналдарының әлемдік деректер айдынында алар орны айрықша. Олардың ішіндегі ең танымалдары: “Эль”, “Мэри Клэр”, “Космополитен” және т.б. Енді осы журналдардың бүгінгі таңдағы дүниежүзілік журналистикадағы алар рөлдері жайлы сөз етсек.

Elle ("Эль") - 1945 жылдан бері жарық көріп келе жатқан сән, сұлулық, демалыс және денсаулық туралы француз апталық әйелдер журналы. 1980 жылдардың ортасында, халықаралық нарыққа шыққан кезде, Франция үшін апта сайынғы форматты сақтай отырып, ай сайын шығарыла бастады. 2004 жылға қарай ол әлемнің 35 елінде жарық көрді, қазіргі уақытта ол әлемдегі ең ірі сән басылымы болып саналады, 43 елде 60 нұсқасы бар, сонымен қатар 33 веб-сайтқа ие.

“Мари Клэр” - бұл Францияда алғаш рет жарық көрген, бірақ басқа елдерде де ай сайын шығатын әйелдер журналы. Әр ел журнал аудиториясының мүдделеріне сай ыңғайланса, Америка Құрама Штаттарының шығарылымы бүкіл әлемдегі әйелдер мен бірнеше халықаралық мәселелерге баса назар аударады. Журналда денсаулық, сұлулық, сән тақырыптары да жоқ емес.

Еркіндік пен әйел проблемаларын тілге тиек ететін, 1973 жылы жарыққа шыққан “Космополитен” журналы еді. Бүгінгі таңда бұл басылым халықаралық әйелдер журналы ретінде қарым – қатынас, денсаулық, мансаптық даму және өзін – өзі жетілдіру жайлы тақырыптарды қамтиды.

Байқап отырсақ, аталған басылымдардың барлығы дүниенің түкпір – түкпірінде тұратын әйел затының қайталанбас көмекші құралы, барлық салаларды бірден қамти алатын ақыл – кеңесшісі. Сол себепті әлемдік деңгейдегі әйелдерге таптырмас құралды жарыққа шығарған француз халқына айтар алғысымыз шексіз болмақ.