Франция баспасөзі
блог
Франция баспасөзі
XXI ғасыр-адамдар өздерін ұялы телефонсыз,теледидарсыз,ақпаратсыз,жаңалықсыз еш елестете алмайтын халге жетті. Осы орайда баспасөздің қоғамға тигізіп отырған пайдасы өте көп. Баспасөз дегеніміз кім дейтін сұраққа жауапты бере кетейін. Баспасөз-ол халыққа ақпараттарды жеткізуші,олардың қоғамдағы ойларын қалыптастырушы. Журналист-халық пен үкімет арасындағы алтын көпір. Төртінші билік болып саналатын қоғамдағы маңызды жан. Баспасөзсіз адамдар ақпараттардан хабарсыз болып отырушы еді. Осы сәтте Франция баспасөзінің алғашқы жылдарына тоқтала кетсем.
Францияда алғашқы баспаханалар 1470 жылдан бастап бастапқы өнімдерін бере бастады. Ал газет шығару ісі 17 ғасырда пайда болған болатын. Сондай-ақ алғашқы газет 1604 жылы “Газет франсуаз” есімімен жарық көрді. Әрине,газет,баспахананың шығуы журналистика саласын әрі қарай дамуын бастады. Журналисттер өз орындарын халық арасында ала бастады. Дегенмен,барлығы оңай бола қоймады,мемлекет басындағыларға жаға қоймады. Олар сөз бостандығын қолдамай,өз заңдарын қоя бастады. Заңды бұзған жағдай да кінәлары үшін өлім жазасына кесу ісі Францияда 18 ғасырдың соңына дейін жалғасты.
Күні бүгінде Франция журналистикасы өз орнын ала алған,журналистерге еркіндік,бостандық,айырықша құқық берілген . Журналистер сый-құрметке ие болып,өте жақсы дәрежеде дамыған. Оған себеп,журналистердің құқықтарының кеңдігінде. Олар өз ойларын ашық айта алатын,барлық жерге қоғамдық,мемлекеттік шаралар болсын қатыса алады. Франция баспасөзінің еркіндігі басқа елдерге мүлде ұқсамайды.
Осымен,Франция мемлекетінің бастапқы кезеңі мен қазіргі кездегі екеуінің арасы жер мен көктей екенін біле алдық деп ойлаймын.
Орындаған:Зинадуллақызы Н.,2 курс студенті
Жетекшілері: Майкотова Ғ. Т. , ф.ғ.к., доцент
Әлім Ә.А. аға оқытушы