Франция баспасөзі
блог
Француз тілі-әлемдегі ең әдемі тілдердің бірі. Бүгінгі таңда француз тілі-Франция, Канада, Монако, Бельгия, Швейцария және басқа да көптеген елдердің ресми тілі.Оның көркемділігі Парижге және жалпы Францияға шетелдік туристерді тартады. Осындай әдемі тілде жазылатын Франциялық басылымдар жайлы сіз не білесіз?
Франция баспасөзінің бастауы 17 ғасырдан бастап пайда болды.Сол кезден бері өзінің даму үдерісін тоқтатпай,жаңашылдықпен алға қадам басып келе жатыр.Бұл елдің басылымдары тек өз жерінде ғана емес,сонымен қатар Еуропаның біраз бөлігінде кеңінен етек алып жатыр.Қазіргі таңда Францияда 100-ге жуық апталық басылымдар шығып тұрады.21 ғасыр жаңа технология заманы болсада халық газет пен журналды назардан тыс қалдырмай күнделікті жаңалықты оқып отырғанды жөн көреді.
Le Monde (қоғам) - күнделікті кешкілік газет.Алғашқы рет 1944 жылы жарық көрді.Оны әйгілі генерал және саясаткер Шарль Де Голль өзі құрды.Бұл басылым-қазіргі қоғам мен әлем туралы жаңалықтарды қызыға оқитындарға арналған.
Le Parisien (Париждық) - Ең танымал Париж газеті, 1944 жылы құрылған және қазіргі атауын 1986 жылы алған. Бұл бірінші аймақтық газет болды,ал қазір бұл ең танымал ұлттық газеттердің бірі, таралымы жарты миллионнан асады.Басылым ауқымды әлемдік жаңалықтарды жазады.
L'Equipe(команда) -Оқырманды спорттық оқиғалар әлемі мен таныстыратын күнделікті газет.
Libération (бостандық) - беделді халықаралық газеттер ішіндегі ең жас басылым. Ол 1973 жылы пайда болды. Оның бастауында әйгілі философ, жазушы және драматург Жан-Пол Сартрдың өзі болды. Libération журналистикада және іс жүзінде "жаңа сөз" болды деп саналады .Ол өзінің ерекше стилін жасады. Басында басылым өзінің басты мақсаты "халыққа сөз беру" ниетін атады, бірақ ХХ ғасырдың сексенінші жылдарында буржуазиялық сипатқа ие болды.
Le Magazine Littéraire(әдеби журнал)-Әдеби қоғамның барлық жаңалықтары осы ай сайынғы журнал беттерінде. Баспа түрінде де, электронды түрде де шығарылады. Интернеттің баспа БАҚ – тағы "жеңісі халықтың әдебиетке деген қызығушылығын жоғалта алмады.Журнал 20 мыңға жуық тиражбен шығады.
J'aime lire «Мен оқығанды жақсы көремін» 7 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға арналған танымдық-ойын-сауық журналы . Әр шығарылымда әдеби романның үзіндісі, ойындар мен жұмбақтар бар.
Femme Actuelle (заманауи әйел) - Әйелдерге арналған Париж апталық журналы. Алғаш рет 1984 жылы жарық көрді. Ол сән, косметика, әдебиет және ойын-сауық сияқты салаларды қамтиды.
Science et Avenir (ғылым және болашақ) - Журнал түрлі салалардағы.Бұл журналды көбіне студенттер,ғылым саласында жүрген мамандар оқиды.
Франция елінде қазіргі таңда журналисттерге толықтай сөз бостандығы беріліп,құқықтары қорғалған.Әлемдік рейтинг бойынша бұл мемлекет цензурасыз мемлекеттердің қатарына кіреді. Журналистиканың салалық түрлері өте жақсы дамыған.
Жетекшілері:Майкотова Г.Т ., ф.г.к .., доцент.
Әлім Ә.А аға оқытушы