Құрметті массагеттіктер, ертең сіздерді Алматы қаласының маңында орналасқан Алмаарасан тау шатқалына табиғатты суретке түсірудің қыр-сырын үйренуге шақырамыз!
Ол үшін сіз фейсбуктағы біздің бетшеміздің мүшесі болсаңыз жеткілікті. Ол жерде арнайы мамандар сізге фотоға түсіру жайлы кеңестер бере алады, әрі өзіңіз түсірген ең сәтті деген фотоңызды бізге жіберіп конкурсқа ұсына аласыз. Конкурсқа ұсынылған суретіңізді арнайы мамандар кемшіл тұстарын түсіндіріп, артықшылығын ескеріп отыратын болады. Топқа кез-келген қаладан, елден мүше бола аласыз.
Ертең тауға шыққысы келетін қымбатты фотографтар! Сонымен есте ұстайтын нәрселер:
1. Фотоаппараттарыңызды сайлап шығыңыздар! (зарядтап, жадын тазалап. т.б)
2. Тауға шығатындай киініп шығыңыздар, үстілеріңіз жылы киім алыңыздар күн салқындау болуы мүмкін.
3. Ол жақта ұзақ болмаймыз, ары кетсе 3-4 сағат боламыз сонда да таңғы тамақтарыңызды тойып ішіп шығыңыздар. Ішетін суларыңыз бен жейтін жеңіл-желпі тамақ алыңыздар. Жүгіңізді өзіңіз көтеріп жүретініңізді ескеріңіз.
Жиналатын уақыт: 8.30 (кешіккендерді күтпейміз)
Жиналатын жер: Президент паркының алдынан Алмарасанға кететін жақтағы аялдама
Керек қаражат: жолдарыңызға 1000-2000 теңге алыңыздар, негізі жолға одан аз кетеді, дегенмен артық болмайды әрі табиғат қорғау постына 355 тг төлуіміз мүмкін.
Қосымша ақпарат үшін Серіктің номері: 8 (701) 146 1612 менің номерім 8 (702) 4257854.