Фотографияға байланысты кеңестер

Фотографияға байланысты кеңестер

Әрине, мамандықты фотографиямен тығыз байланыстыратындар көп емес. Менің мақсатым – суретке түсірудің қарапайым ғана ережелерін жинақтау. Интернет бетінен тапқан кеңестерді сіздердің алдарыңызға қойдым.

Кадрды қиып тастамай, түгелдей алу керек. Бұл үшін зум-обьективтің мүмкіндігін пайдаланса болады.     Пейзаж түсіру кезінде көзге ілінетін обьекттерді ұмытпаңыз. Мына суретте бірінші пландағы жапырақтар негізгі обьект болып тұр. Оның орнына адамды да, басқаны да мысалға алуға болады. Егер кадрға ілігерліктей ештеме болмаса басқа ракурстан түсіріп көріңіз. Немесе түсірмей-ақ қойыңыз.  Мынадай суретті түсірмеу керек. Бл іш пыстырарлық кадр. Айтары да жоқ.   Түсіріп жатқан обьектіңіз артқы планның түсімен біркелкі болып кетпесін. Сол үшін басқа жерден түсіріп көру керек. Обьектіге түсетін жарыққа немесе түсіне контраст болатындай жерді таңдау керек.     Көкжиек сызығын дәл ортасынан емес, төмен жақтан немесе жоғары жақтан 3/1 пропорциясында түсірген дұрыс.   Түсіретін обьектіге байланысты кадр симметриясын дұрыс таңдай біліңіз.  

Кадрдың оң және сол жағындағы кеңістік бірдей болуын қадағалаңыз. Көкжиекті де қисайтпаңыз.

    Динамикалық кадр түсіргенде обьекттің кетіп бара жатқан жағында көбірек кеңістік қалдырыңыз. Ұзын ұсталыммен қандай да бір обьекттің жылдамдығын байқата аласыз. Обьектті немесе фонды бұлдыр ету арқылы қызықты кадрлар жасай аласыз.        Камераны шалқайтуға немесе еңкейтуге болмайды. Мұндай жағдайда обьекттің фокусы дұрыс бейнеленбейді. Ғимараттарды түсіру кезінде аппаратты түзу ұстауға тырысыңыз. Егер адамды түсіріп жатсаңыз аппаратты кеуде тұсыңызда ұстап түсіріңіз. Әйтпесе адамның аяғы қысқа, ал басы үлкен болып қалуы ғажап емес.     Суретке түсіріп тұрған обьектіңізге жарық тек алдынан ғана түсуі керек деген заңдылық жоқ, сондықтан оң жақтан да, сол жақтан да жарық беріп түсіріп көрсеңіз қызықты кадрлар аласыз. Көпшілік адамды түсірген кезде оларды тек бір қатарға тұрғызып қоймаңыз. Айтпақшы, көкжиек сызығы адамның басын қимауы керек. Ал кадрыңызда адамның қолы, аяғы қиылып қалмауы тиіс. Портрет түсірген кезде бірінші кезекте фокусты адам көзіне лайықтау керек. Ал баланы түсірген кезде оның көз деңгейінде түсіріңіз.  

Мақала авторы Сергей Иванов

akvis.com



Бөлісу: