Фиолетовый өрікке шайқайтын апашка)

 Өздеріңіз қойған сұрақтардың жауабын  интернет әлемінде Айқаракөз деген атпен танылған (талай шулатқан деп қосуға бола ма жоқ па екен)жеке меншік етіп ала алмай жүрген (соңғы өсектерде солай дейді)  Эльвира келіп отыр, фамилиясы оның Ерғалина, Айгүл апайдың елігі (оның ішінде қыз елік), осындағы бесінші қауымдастық өкілдерінің бәразының жаны немесе жанымы,  күйеуін ыстық сорпаға күйдіріп, басын ұйытқысы келетін жар, біреудің болашақ келіні, бірімізге қарындас, біреулеріңе әпке, енді бірінің құрбысы, Айқаракөз сайтының админі, сасық горшогы бар Эля (бойдақ жігіттерге реклама жасай кетші деген өтініш бойынша таныстырум ғой) майл.ру дың поштолен Пешкін ағайдан беріп жіберіпті, ал оқи отырыңыздар.

Алғашқы сұрақ:

Ерекше қасиетті деп кімдерді қадір тұтасың қазақ интернетінде.

 Қазақ интернетінде өзім жақыннан танитын достарымның бәрінде де ерекшелік бар. Ешқайсысын бөле жарып, мынаны қадір тұтамын демей-ақ қояйын. Бәрін сыйлаймын.

Өзіңізді қаншалықты жақсы көресіз?

Қаншалықты? Килограммен өлшесек, пәленбооооой мың триллион кг жақсы көрем өзімді. Километрмен өлшесек, пәленбай мың триллион км жақсы көрем өзімді.

Гүл өсірумен айналысасың ба?

 Жоқ, жоқ, жоқ. Ең әлсіз жерім десе де болады. Кабинетте терезе алдындағы қуратып алған гүлге «мүмкін тіріліп кетер» деген оймен андай-санда су құйып қоямын

 Айқаракөзге: өмірде бірнәрседен қатты көңіліңіз қалған кез есіңізде ме? Сізді ренжіткен адамды қаншалықты тез кешіресіз? Және "Бұлақ көрсең көзін аш" дегенді қалай түсінесіз?

Ойбоооой, көңіліме жақпай қалған нәрсені ары-бері айтып көрем, болмаса, сол адамның жағасынан ұстап алып, баспен зік-зік еткізіп екі удар жіберем... Болды. 

Көңілімді қалдырған нәрселерді ұмытуға тырысқанмен тым кекшілмін. Әсіресе жаныңдай көріп, жақыныңнан артық сыйлаған адамдардың ренжіткені ұмытылмайды. «Реніш, өкпенің бәрі уақытша, ол туралы ойымыз ғана тұрақты» деген сөзді оқып едім. Миымның түкпір-түкпіріндегі ойларды тазалап шығуға шамам келе бермейді кейде. Біреудің менен желінбей қалған таяғы болса, жаман боп жүрем дачы))).

«Бұлақ көрсең, көзін аш» дегенді қалай түсінем? Былай... нәзік түсінем ахаха. Ну осы уақытқа дейін қанша бұлақ көрдім, көзін таба алмай жүрм сол. «Аш» деуіне қарағанда, бұлақтың көзі жұмулы-ау. Қанша көзі болады бұлақтың өзі? Ыхахаха! Құрсееен, араларыңда бұлақтар болса, айтыңдар, қолдан келгенше көздеріңді ашуға тырысамыз енді.

Эльвираға сұрақ: Ақылсыздық пен ақымақтыққа мысал келтірші. Өз ойыңша, не істесе ақымақтық, не істесе ақылдылықтың белгісі?

 Сұрадыңыз ба дедім ғой))). Жасы тоқсанға таяған, 12 баланың, 48 немеренің, 70 шөберенің сүйікті әжесі боп, тойларда «Фиолетовый өрікке» (ол кезде қызыл өріктің түсі фиолетовый боп кететін шығар ужы) шашып билеп, микрофон бермей, тосттан жіберіп жүрген кемпір болғанда айтармын бұл туралы.

 Қандай түс сүйікті түсің  Жалпы қыздарды әдемі етіп көрсететін түс қандай деп ойлайсың

 Қанық түстер ұнайды. Жасыл, көк, сап-сары, күп-күлгін, қып-қызыл, қоңыр, қара... Ощм барлық түстер ұнайды)). Қыздарды әдемі етіп көрсететін түс қыздарды әдемі етіп көрсетеді ғой ахахахаха

Сайтыңызды ашқанда қандай қиындықтар болды, нендей кедергілерден өттіңіз.

Сайтты ашқанда екі шақырымға жүгіру, ұзындыққа секіру деген сияқты аттестациядан өттім. Олар кедергі бола алмады, өтіп кеттім. Деееп отсам.

Сайтты ашқанда дінді берік ұстанушылардың көзіне түсіп қалдым. Біраз бір-бірін айтақтап, шулады. Кейін басылды ғой. Қайта ол даудың бәрі пиар болды.

 Еркін қай шет тілдерде сөйлейсің?

Еркін? Мені ешкім Еркін деп еркелетпеуші еді. Жәке, шатасып кеткенсіз-ау ;).

Wi-fi25тің жігіттері үшін жекпе жекке шығуға дайын дейді. Сол қаншалықт рас. Қайсысы сізге немесе сіз  қайсысына ғашықсыз.


Мен негізі либой достарым үшін тұрып бере алам десең, ия. Сонда не, өмірде ғашық болудан басқа қатынастар жоқ па?)

Қалқаман Сарин сізге арнап ән жазыпт, жазбаларыңыздан білдім. Қанша ақы төледіңіз? Сіздің парқор екеніңізді білеміз.

Ән емес, «Оқырман қыз» деген өлеңін арнаған. Пара бергем жоқ, мендей ұлы адамға өлең жазып, рейтингін арттырғаны үшін маған гонорар берген 

(Қайрат Нұртастың соңғы хит әні "Эхх қарындас" әніндегі маякшы қыз Эльвира екенін біреу білсе біреу білмес)

Ағаңыз сыйлаған сасық гаршокты пайдаланып жүрсіз бе?

Неа! Лақтыржвергем.

(о қасиетсіз, тастап кеткен темекіні тартқызды ғой мына жауап)

Қол өнермен айналысатыныңды, әлеуметтік желілердегі парақшаңыздан хабардармын. Солармен бөлісе отырсаңыз.

Бөліскені нес? Бәріңізге бөліп берейін бе, «мә,мә» деп?) Ия, бос уақытымда бисер тізіп, тоқыма тоқитын әдетім бар. Кітап адам миын қалай тынықтыратын болса, қолөнер жасап отырып та кәдімгідей демалып қаламын. Өзіме ұнайды. Көп уақыт өткен жоқ, осы қыстың басынан бастап айналысып жүрмін.

     Әлемге әйгілі Gangnam Style әнінің орындаушысы PSY 8 наурыз күні Астанаға келіп, ән шырқайды екен. Сонымен бірге Астанаға ән айтуға шақырса қабыл аласың ба?

 Ән айтуға шақырса, барамын. Бірақ, ән айтпаймын. Негізі барудан бас тартатын шығармын. Өйткені, ол мейрамда өте-өте маңызды адамның жанында болу керекпін).

 Эльвира саған сұрақтарды жіберіп болған соң, кеше кешкісін, осы сұрақты қоюшыдан мындай хабарлама келді "мені PSY ән айтуға шақырып жатыр деп, әлеуметтік парақшаңызға жазып қойып жүрмеңіз" деген.

Элвира ханымға сұрақ; Қазақ жастарында қандай мәселелер бар? Сіздің қолыңызға билік бар, сіз үлкен қызметтегі адамсыз деп елестетіңіз: жастардың қай мәселесіне бірінші қол созып, қалай шешер едіңіз?

Охохо! Қанша қазақ жасы бар, сонша мәселе бар. біреуге ақша керек, біреуге сотка, біреудің қызы қарамай жүр, біреудің тәпішкесі жыртылып қалған деген сияқты. Қолымда билік болса, «әрқайсысың өз мәселелеріңді өздерің шешіп алыңдар!» дейтін шығармын))). Ал саясатқа араласуға маған ерте әлі).

Айқаракөзге сұрақ.Уақытты кейінге шегіру мүмкіндігі туса, қай уақытқы тоқтатар едіңіз? Не үшін?

Уақытты кейінге шегеру мүмкіндігі берілсе, анамның жатырында жатқан кезіме қайтар ем. Өмірге ұл болып келер едім. Өйткені, енді өмірді ұлдарша сүріп көргім келеді. Басқасының бәріне шүкір. Тағдыр кітабыма осы өмірім жазылған шығар, ештеңеге өкінбеймін. 

Достар Айқаракөзбен болған басқада сұхбаттарды он.кз сайтынан және екпін мәдени танымдық журналынан оқи отырыңыздар.

Эльвира ханшайымға алғыс айта отырып мына гүлді сыйлаймын.

Сонымен сұхбат берушіге мінездеме бере отырайық, тағы да сұрақтарыңызды қоя отырыңыздар.

Келесі сұрақ қоюшыларды тағыда қайталап өтейін. Алшын Матай және Айкона



Бөлісу: