Финалдың түйесі, тәлімгерлердің бәсекелестігі және Қазақстанның дауысы
блог
«Алыстан арбаланғанға» көңілі толмай жүргендер үшін «жақыннан дорбаланған» "Қазақстан дауысы" келесі аптада болмайды. Себебі осы жексенбі финал, соңғы төрт қатысушының қайсысы ұтарын кешкі тоғызда қарап біле аламыз.
Жалпы, жобаның осы маусымы қызық болған сияқты, шын мәнінде талантты жандардың әнін апта сайын тыңдап жүрміз, әлеуметтік желілерде «біздікі — жоқ, біздікі» деп жұлысқан елдің қарасы да молайған, қатысушылар да трештен тыс қалып жатқан жоқ:
Алмас «брат» Алтай маңғыстаулық танысым Бауыржан Ретбаевты қолдау үшін өткенде жылқы сатып еді, енді финалға түйе сатады екен деп жазды.
Очм, финалымыз қызық болайын деп тұр:)
Соңғы файтингқа төрт тәлімгердің төрт қатысушысы шыққанын төрт жүз алпыс бесіңіз білсеңіз, жүз қырық алтыңыз білмеуі мүмкін.
Нұрлан Албаннан Данияр Исмаилов:
Медеу Арынбаевтан Мақсат Мақұлбеков:
Алмас Кішкенбаевтан Бауыржан Ретбаев:
Мәдина Сәдуақасовадан Индира Еділбаева:
Тәлімгер демекші, төртеуіне «араларыңызда бәсекелестік бар ма?» деп сұрақ қойылған, берген жауаптары мынадай болды:
Осы жоба барысында қатысушылармен де, әріптестеріммен де жақсы араласып, бір үйдің балаларындай болып кеттім. Сондықтан бір-бірімізге жақсы тілек айтқанымыз болмаса, бақталастығымыз жоқ.
Финалға жолдама алған 4 үміткер нағыз таланттар. Жеңімпаз менің немесе басқа тәлімгердің тобынан шығар. Бұл жерде бастысы бірінші болу емес, сахнада лайықты өнер көрсету.
Бәлкім бөтен кісілер тәлімгерлер арасында бәсекелестік бар деп ойлайтын шығар. Сахнада бірге жүрген әріптестер ондай қадамға барады дей алмаймын. Өткен эфирлердің бірінде менің тобымдағы әнші Қайыржан Медеу Арынбаев орындап жүрген «Дариға жүрек» әнін айтты. Мысалы, тікелей эфирдің алдында Медеу аға Қайыржанға әнді қалай тыңдарманға жеткізу керектігі жөнінде ақыл кеңес беріп, біраз дайындалды. Осыдан кейін бәсекелестік бар деп қалай айта аласыз?
Біз қазақпыз ғой. Халқымыздың мінезінде аға мен іні арасындағы бәсекелестік ұятты іс саналады. Өзіме келетін болсам, ағаларымның алдына түсіп кетейін, биыл жеңімпаз менің тобымнан шықсын деген мақсат жоқ. Бауыржанды соңғы сайысқа шамам жеткенше дайындап жатырмын. Оның жеңіске жетуі тек көрерменнің қолында. Әріптестерімнің арасынан бақталастықты байқамадым.
Тым не… тұщы, иә?:) Попкорн алып жайғаса кетуге мүмкіндік бермеді жарықтықтар…
Бүрсігүні Ақтөбе, Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда өкілдерінің бірі "Қазақстан дауысы" атанады. Қайсысы қайдан екенін өздеріңіз қиыстырып алыңыздар:) Кімге болысасыздар, айтпақшы, пікірлеріңіз өзгерді ме?
Өзім өткен жұмыстарымның бірінде корпоративке келген Royals Band-тың солистіИндира Еділбаваға дауыс беремін. Сол кезде-ақ ұнаған топтың айту мәнері, талғамы. Бәсе, неге Индира ерекше ұнады десем, сол баяғыда көріп, көңілімді кетіріппін ғой. Жеңеді деп ойлайсыздар ма?