Философия қазақша пәлсапа ма?

   Соңғы уақыттарда адамдардың аузынан философияға қазақша балама ретінде пәлсапа дегенді естіп жүрміз. Бұлай деуіміз қаншалықты дұрыс?!

 Философия дегеніміздің өзі - дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы - нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Бұл терминді ежелгі грек  философы және математигі Пифагор алғаш рет қолдана бастаған. Ол өзі антика дәуірінде өмір сүретін болғандықтан термин де сол дәуірде пайда болған. 

Грек ойшылдары бұл терминді "фәлсафа" деп қысқарттып айтатын болған. Ал қазақ елі сол қысқартылған сөзді бұрмалауға ұшыратқан. Үндестік заңына сәйкес мұнда "ф" әріпі "п"-ға айналып отыр деген сөз. Алайда профессор, ғалым-оқытушы  Жақып Алтай ағамыздың пікіріне сүйенер болсақ бұнымыз мүлде дұрыс емес, яғни философияны қысқартуға, дыбыс үндестігіне ұшыратпай сол күйі "философия" деуіміз дұрысырақ екен.

Ал сіздер қалай ойлайсыздар? Өз пікірлеріңізді жазыңыздар құрметті оқырмандар!



Бөлісу: