Фейсбукта танымал болу

Фейсбукта танымал болу
жеке
блог

Алдымен фейсбуктың басқа әлеуметтік желілерден айырмашылығын біліп алсақ. Фейсбук- вконтакте емес, бұл жерде әдемі мысықтардың суреті, жылаған қыздардың суреті мен құшақтасқан жарлардың СПАМ ортасы емес. Фейсбук- мой мир емес, суреттеріңді салып, ойыңа келген сағынышыңды микроблогың арқылы лақтырып отыратын. Фейсбукта көбіне саяси, әлеуметтік, тақырыбы "салмақты" тақырыптар талқаланады. 

Сонымен, фейсбукта танымал болудың жолдарын қарап, "+" мен "- " дың арасын ашып көрсек.

1. Бізде қазір көп журналистер, саясаткерлер, жазушылар т.т- лар фейсбук, твиттер арқылы тез танымал болып жатады. Ол үшін сізге тек ең нақты проблемный тақырып жайында өз ойыңызды айту немесе жәй ғана үкіметке қарсы шығу жеткілікті деп ойлайтындар бар. Плюсы: Сізді жұрт "керемет ұлтжанды" азамат санайды. Минусы: егер сіз бұл істі нақты білмеген болсаңыз, сізді дәл сол қалпыңызда қайтадан жерге кіргізеді. 

 Фейсбук пен твиттерді дұрыс пайдалану. Егер сіз әлеуметтік желілер арқылы өзіңізді танымал қылғыңыз келсе мына нәрселерді есте ұстаңыз:  

  1. Шыншылдық. Егер сіз берген ақпараттың растығына көзіңіз жетпесе, онда ол жайында пікір таластырып қажеті жоқ. 

   2. Ешқашан біреуді жамандамаңыз, өтірік жала жаппаңыз 

 3. Егер қандай да бір тақырыптың сіздің мамандығыңызға, қызығушылығыңыз не зерттеп жүрген тақырыбыңызға жақындығы болса, өз тұжырымыңызды мамандығыңызға байланыстырып дәлелді түрде жеткізіңіз. 

  4. Егер сіз кісілерді бір жиынға немесе бір іске шақыратын болсаңыз, онда сол істің басы-қасында жүріп, бар жауапкершілікті өзіңізге ала-алатыныңызды дәлелдеңіз. 

Сіз айтылғандардың бәріне дайын болмасаңыз, айлап-жылдап жинаған танымалдығыңыз бір күнде өзіңізге қарсы атылған оққа айналуы әбден мүмкін... 

 

Фейсбукта қалай танымал болуға болады?

Фейсбукте арнайы фильтр бар, ол фильтр 6 фактор бойынша жұмыс жасайды: 

1. Жақындастық. Өз достарыңызды жазғандарына, суреттеріне "Ұнайды" батырмасын басып қою аздық етеді, сондықтан да әр нәрсеге пікір жаза біліңіз және сіз пікір жазған адам сіздің атыңызды белгілеп жауап берсе сізді фейсбук онымен жақындығыңызды біліп екеуіңізге де бір-бірлеріңіздің әр қадамдарыңызды көрсетіп алға итермелеп отырады. Сондықтан да, пікірді оқыған адам сізге жауап бергісі келетіндей етіп жазуға тырысыңыз. 

2. Өзара қарым-қатынас. Сурет не контент жазатын кезде, міндетті түрде үлкен пікірталас тудыратындай етіп еңбектеніңіз. Сізге лайктар мен пікірлер жайдан-жай келмейді ғой. 

3. Шап-шаңдық. Көп адамдарға кешегі жаңалықты оқу қызық емес, сондықтан бүгінгі жаңалықтың дәл уақытында жеткізу жолын әр түрлі жолмен жеткізуді үйреніңіз. Ол үшін не істеу керектігін көрелік: 

 1). Қызығушылық тудыратын нәрселермен бөлісуге тырысыңыз, және оны талқылауға) барлық жағдайды жасаңыз. 

 2). Сауалнама жүргізіңіз. Сіздің достарыңызға ғана емес басқа адамдарға да қызықты болатындай сауалнама құрыңыз және уақытылы сауалнама қорытындысымен бөлісіп тұрыңыз. 

 3). Көп сурет пен видео салуға тырысыңыз. Сөзден гөрі визуальный көрудің маңызының жоғары екенін білу керексіз. Суретке не видеоға міндетті түрде пікір жазыңыз, елдер ашып көргісі келетіндей болуы керек. 

 4). Сілтемелермен бөлісіңіз. Өз сайтыңыздың ғана емес басқа да қызықты, салмақты тақырыптарды бөлісуге қорықпаңыз. Сіз қаншалықты пайдалы ақпаратпен бөлсікен сайын жұрт сіздің кез-келген сілтемеңізге қуана өтетін болады. 

 5). Маңыздылықты бақылаңыз. Сіз бір тақырып жазған кезде қызық болмай қалса одан қорықпаңыз. Себебі сол  тақырыпқа қатысты бір оқиға міндетті түрде болады, сол кезде өзіңіз жазған нәрсені қайтадан бөлісе аласыз. Бастысы қай кезде қай жазбаңызды қою керек екенін біліңіз. 

 6). Достарыңыз бен таныстарыңыздан сіздің жазғаныңызбен бөлісуді өтініңіз және одан еш қысылмаңыз. Себебі, сіз жазған нәрсе басқаларға керек болуы мүмкін ғой.

 7). Танымал адамдардың сөздерімен бөлісіңіз, бір жағы адамдарды қызықтырады екінші жағынан өзіңізге біраз мотивация береді. 

8). Халықтың пікірін біліңіз, сұраңыз. Мысалы: "қай жерде тамақтанған жақсы?" немесе "қай сөмке әдемірек?" деген сияқты. 

9). Сөйлемді аяқтаңыз,... Адамдардың қызығушылығын арттыру үшін бір сөйлемнің бас жағын құраңыз да аяқ жағына өз ойын жазуды өтініңіз. Бұл өте қызықты.  

Сіздерден ойлар күтем, ойыңызды ортаға салыңыз!