Фейсбук арқылы баласының өліміне себепкер болған

Америкалық бір әйел адам фейсбукты белсенді түрде қолданады екен. Күнделікті не істеді, қайда болды соның барлығын жария етеді, яғни пост жазады. Достық жіберген адамды танымасақта қабылдай береміз, тіпті суретіне қарамаймыз. Солай достық жіберген бір ер адамды қабылдайды, екеуі тілдеспейді жәй бір-бірінің достарының қатарында тұрады. Күндердің күнінде жалғыз қызының мектеп табалдырығын аттағанын жазып, осы күнге дені сау аман-есен жеткендігін айтып мектеп формасымен түскен суретін қойып, мектептің мекен-жайын белгілеп қояды. Сабаққа барғаннын, шыққан уақытын салып жүрген әйел адамды толық зерттеген белгісіз досы. Қыздың дені сау, осы мектепте оқиды және сабақтан осы уақытта шығады деп өз сыбайластарына хабарласып, қызды алып кетіп дене мүшелерін (бүйрек, жүрек, бауыр т.б) сатып жібереді. Бұл блогты жазуыма себеп болған осы оқиға. Себебі өзіміз қай қалаға барсақта, қай мейрамханада отырсақта суреттіміздің астына мекен-жайын қалдырып қою әдетке айналған. Сақтықта қорлық жоқ ағайын, абай болайық.



Бөлісу: