Фейс-сұрақ. Қай шығармадан үзінді, кім біледі?

"...Тоқтас екі рет қатар ұтылып, Нұршатты төрден есікке дейін арқалап апарды. Әуелде келіншегін арқалап жүру ерсі іс сияқты көрініп еді, сөйтсе, бұрын-соңды қиссалардың бір де бірінде жазылмаған ғажайып оқиғаның нағыз өзі болды. Нұршаттың денесіне денесі тиеді. Өзі жеп-жеңіл. Күлкісі қандай! Келіншегін арқалап келе жатып Тоқтас: "Төлеген де Қыз Жібекті өстіп арқалай алды ма екен, шіркін", - деп ойлады ішінен елжіреп. - Әй, арқалай да алмаған шығар... Арқаласа жыршылар жазар еді ғой. Төлеген марқұмның орындалмаған бір арманы осы болған шығар-ау".
Қай шығармадан үзінді, кім біледі?))

Арман Әлменбеттің фейсбуктегі жеке парақшасынан



Бөлісу: