ФБР ойнайықшы

Демалыс күні үйде ешкім жоқ еді. Бәрі бір күн демалыстарында жан-жаққа тарап кетті. Үйде қыздарым, жолдасым отырғанбыз. Тілімнен қағынып ФБР ойнайықшы дедім жолдасыма.  ФБР ойынына мағлұмат бере кетейін. Менің шығарған ойыным ғой. Бір-біріңнің қолдарыңды қайыру.  Кім бірінші артқа қарай қолын қайырса сол жеңеді. Оған да күші тасып отыр екен.  Күресе кеттік. Әшейінде кішкене әлсіздеу болып өзін көрсететін ол, шын мәнінде күресе кетті. Қыздарым шырылдап маған жақтасып біреуі папасын тістеп жатса, біреуі шымшып өліп бара жатыр. Мен бір жағы күлкі қысып бара жатса, бір жағынан қолым ауырып бара жатыр. Жеңілгеніңді білдіру үшін жерді үш рет ұру керек. Ойын шарты солай. Бір кезде 6-0 очкомен мен жеңіліп жатқанда..... ұят ай, мамамыз кіріп келгені. Жерде орамалым қисайып, шырылдап жатқанда.... ойй ойлағым да келмейді, құрысын. Екі қызым жылап жүр мені аяп. Мен жанұшыра айқайлап (күлдім бе жыладым ба түсінбедім) жатырмын. Ұят ай ФБР-ым шықты ғой. Келінінің бұлайша шашы жалбырап алысып жатқанына қай ене ренжімесін. Жаман көзімен қарады да "Құдай-ау дауысың бір шақырым жерден естіліп жатыр. Жүгіріп келдім бірдеңе болып жатыр ма, біреу бауыздап жатыр ма" деді ентігін баса алмай. Құрсын енді ФБР ойнамаспын. ФСБ деген ойын шығарсам ба деп қоям бір ойым.

Осыдан кейін мені 25- ке толған екі баланың анасы деп кім айтсын?)))



Бөлісу: