Фатмагүл мен Керем. Тағдыр тоғыстырған...

Фатмагүл мен Керем. Тағдыр тоғыстырған...
жеке
блог

 

Fatmagul хикаясының түсірілімі барысында түрік баспасөз беттерінде екеуінің махаббаты жайлы жиі сөз болып, олардың болашағын бір отбасына тоғыстырған болжамдар айтылып, көпшілік алдына бірге шыққан сәттерін папарация суретке түсіруге үлгеріп жататын. Берен Саат пен Энгин Акюрек тосын жаңалық іздеушілердің басты құрбанына айналғанына біршама уақыт өтті.

Алайда, сұхбаттарының бірінде актриса «актерлар арасындағы достық – табиғи құбылыс, өйткені біз тәулігіне 20 сағат, аптасына 5-6 күн бірге боламыз. Алайда, телехикаяға бірге түскен әріптестеріммен ешқашан жақын қарым-қатынаста болған емеспін»,-деп ағынан жарылған болатын. Соған қарамастан, мұндай сыбыстарға тоқтау болмай тұр. Басты себебі – олар сомдаған кейіпкерлер Фатмагүл (Берен Саат) мен Керемнің (Энгин Акюрек) хикаядағы махаббаты.

«Фатмагүл» мелодрамасының сценарийі 30 жылдай бұрын жазылған еді. Әр уақытта түрлі сценаристер филмге түрлі атау берген: «Үмітсіз таңдар», «Бұл әлемді қарғыс атсын». Алайда, сценаристердің ешбіріне шығарма авторының көңілі толмайды, сондықтан да ол фильм түсіруге өз рұқсатын бермей келген. Тек, 1986 жылы Веджат Тюркальдың тартымды сценарийі бойынша, режиссер Сурея Дуру «Фатмагүлдің кінәсі неде?» деп аталатын көркем фильм түсірген болатын. Ал, 2010 жылы телекөрермендердің ыстық ықыласына бөленген осы аттас телехикая жарық көрді. Өткен жылдың қыркүйек айында хикаяның жалғасы түсіріле бастады...

Естеріңізге саламыз, қайғылы жағдай себеп болып, Керем мен Фатмагүл ерлі-зайыпты атанады. Бір шаңырақ астында, бірін-бірі жау тұтқан екі жас тұрып жатты. Алайда, екеуі де жүректерінің түбінде ыстық сезімнің оянғанына хабарсыз еді...

Атышулы хикаяның екінші маусымында жастардың бақытқа жету жолындағы күресі сөз болады. Кінәсіз екеніне қарамастан, Керем – зорлықшылардың бірі Вуралдың өліміне жалғыз күдікті ретінде түрмеге жабылады.
Керемнен алыста жүргенде ғана Фатмагүл бұл жігіттің өз өміріндегі маңызын сезінеді. Кездесу бөлмесіндегі қысқа жүздесулерде бір-біріне деген сағынышы басылмаса да, осы бір сәттер екеуіне де күш берді. Бір-біріне сырларын айтып ашық хаттар жазады. Айырылысар сәт туған шақта ғана, бұл тағдырдың жазған кезекті сынағы екенін түсінеді. Фатмагүлдің өмірге деген құштарлығы қайта оянып, қасындағы жігіт өмірлік серігі болатынына кәміл сенеді.
Фатмагүл жауларына қарсы ашқан күрес шоқтан жалынған айналды. Қоғам тарапынан қолдау тапқан бойжеткеннің өзіне деген де сенімі арта түсті. Ол енді әділет үшін күреспек! Бір-біріне ынтызар Фатмагүл мен Керемнің арманы орындалар сәт таяу...