Фаст-фэшн деген не? Неге ол алаңдатуды тудырады?
блог
Фаст-фэшн барлық мағынада “жылдам” және “тез” болып табылады: өндіріс жылдамдығы жоғары, клиенттің тауарды сатып алу туралы шешім қабылдауы да тез, тауар жеткізілімі да аз уақытты алады, бұл киімдер, әдетте, аз уақыт мөлшерінде киіледі. Бұл - мүлдем тұрақсыз модель. Негізінен, фаст-фэшн киім сату секторында нормаға айналды, көптеген ұйымдар фаст-фэшн бизнес-моделінің элементтерін өз қызметінде пайдаланады. Мысалы, Австралияда (адам басына шаққанда текстиль сұранысы ең жоғары мемлекет) фаст-фэшн секторы 5 жылдың ішінде 19,5%-ға артып, 2018-2019 жылдағы айналым 1,8 миллиард австралиялық долларды құрады.
Неге фаст-фэшн үлкен мәселені тудырады?
Фаст-фэшн өлшеусіз тұтынушылықты ынталандырады. Соңғы он бес жылдың ішінде жаһандық киім өндірісі екі есеге артты, салдарынан киімнің орташа қолданыс уақыты азайып, олар қысқа уақытта қоқысқа тасталып отыр. Бүкіл әлемде адамзат жыл сайын 80 миллиард мөлшеріндегі жаңа киімдерді пайдаланады, бұл көрсеткіш жиырма жыл бұрынғы тұтынудан 4 есе көп.
Джульет Шор өзінің “Plentitude: The New Economics of True Wealth” еңбегінде келесідей мәліметті атап өтеді: “американдықтар елу жыл бұрынғыға қарағанда үш есе көп, ал жиырма жыл бұрынғыдан екі есе көп киім сатып алады. 1991 жылы орташа американдық жыл сайын 34 киім сатып алса, 2007 жылға қарай олар жыл сайын 67 тауар сатып алатын болды. Бұл төрт-бес күн сайын жаңа киім!”
Қоршаған ортаға келетін зиян
Сән индустриясы халықаралық рейстер мен теңіз кеме қатынасын қоса алғанда, көбірек көміртек шығарады. Біз бес есе аз киетін және 35 күн қана сақтайтын фаст-фэшн киім жылына 50 рет киіп, жыл бойы сақталатын киімге қарағанда 4 есе көп көміртекті шығарады. Жиырма мың литр - бұл бір килограмм мақта өндіру үшін қажет су мөлшері; бір футболка мен джинсы жұпына балама.
Мақта бүгінде киім тігуге пайдаланылатын талшықтың жартысына жуығын құрайды. Қазір мақтаның 90%-дан астамы су мен химиялық заттарды пайдаланып, генетикалық түрлендірілген. Қазіргі кезде қолданылатын пестицидтердің 18% және инсектицидтердің 25% -ы мақта өндірісінде пайдаланылады.
Әлемдегі полиэфир талшығын жасау үшін жыл сайын шамамен 70 миллион баррель мұнай пайдаланылады, бұл қазіргі уақытта біздің киімімізде жиі қолданылатын талшықтар. Ал олардың ыдырауына 200 жылдан астам уақыт кетеді.
Үндістандағы мақта өндірісі үшін пайдаланылатын су елдегі барлық адамның су қажеттілігін 85%-ын қамтамасыз ете аады. Үндістандағы 100 миллион адам ауыз суға қолжетімділігі жоқ.
Жыл сайын фаст-фэшн индустриясы 1,5 триллион литр суды пайдаланады. Батыс елдеріндегі бір отбасы жылына орта есеппен 30 кг киім тастайды, оның тек 15% -ы қайта өңделеді немесе қайырымдылыққа беріледі.
Дильназ АМАНҒАЛИЕВА