Фаризадай ақын болғым келеді

Фаризадай ақын болғым келеді
жеке
блог

Шабытпенен қаламымды қолға алдым,

Фаризадай ақын болғым келеді – деп.

Сондай нәзік, инабатты жан өзі,

Қазағымның жанып тұрған жұлдызы.

 

Қайсар мінез, үлпілдеген жүрегі,

Мұң жаулаған мөлдіреген көздері.

Шабыт берет өзіме шабыт берет,

Жазу үшін ол жайында жырларымды.

 

Фаризадай ақын болғым келеді,

Ақиқатын бұл өмірдің жазу үшін.

Фаризадай ақын болғым келеді,

Бұл өмірді ақын көзіменен көру үшін.

 

Қуаныш пен қайғысын паш ететін,

Көзге сәуле, жүрекке нұр құятын,

Сүйем жырын ақиық Фариза ақынның

Өлең сарай, күн күмбез сыр жиятын.

 

Егер де біреу сұраса,

Болашақта кім болғың келеді?

Ойланбастан жауап берер ем,

Фаризадай ақын болғым келеді!