Фариза мен Мұқағали арасында шынайы сезім болған ба?
блог
Барша «қазақ» деген халықтың белінен шыққан перзенті Фариза Оңғарсынова мен Мұқағали Мақатаевтай ақындарын керемет біледі. Бұлардың өмірін жақсы білгенмен, олардың қаншалықты таныстығы барын болжалдап, сан түрлі аңыз жасап жүрміз. Ең дұрысы бұл шынайы шындықты өздерінен оқып білгеніміз жөн. Фариза апамыздың эсселері былайша тіл қатады. Мүмкін осыны оқыған соң, сөзіміз ғана емес, ойымыз да түзеліп қалар...
Қос ақын қалай танысты? Ең алғаш Фариза апамыз алмалы қаладағы өмірін «Қазақстан пионері» газетіне редактор болудан бастайды. Бұған дейін «Лениншіл жас» газетінің Атыраудағы тілшісі қызметін абыроймен атқарады. Мұқағалимен алғаш таныстығы да ерекше. Ақын-апамыздың кітабының редакциялық талқылауында Сағи ағаның (Жиенбаев) ащы сыны жас қыздың жігерін біраз осқылып өтеді. Талқылауда Фариза жырлары нәзік табиғатты қыз балаға жат қылықты жырлар деп сыналса керек. Ауыр сынға ұшыраған сондағы мына жолдар:
«Адам деген бақыттан тұншығады, ә –
Шырын сәтте бойында қан тасыған.
Біздер жаққа қарауға қымсына ма –
Ай жатыр шалқасынан». Міне осы суығы қарыстай сынның өткір тырнағынан арашалап қалған Мақатаев болады.
***************************************************
«Мұқағали ақынның айдалада жүріп жақын тұтқан, бауырына тартқан сезімі мен сенімін сезе тұрып, телефон соғып, не жай-күйін білуге іздеп барған емеспін» - дейді Фариза апамыз. Бұл сөздер жақын тартқан адамының қадіріне жете білмеген өкініштен туындаған жанның сөзі. Расында Фариза апамыздың Мұқағали ақынға келгенде өкінері көп. Тіпті, өлерінде қасында болу тұрсын, жаназасына қатыса алмайды.
Сол жылы (Мұқағали өмірден өтер жыл) Фаризаны Бакуде өтетін оқушылардың «Балалар кітабының апталығына» Қазақстан Жазушылар одағының бірінші секретары Әнуар Әлімжанов жібереді. Жолға шығарынан бір күн бұрын редакцияға қалыңдалған көлемді хат келеді. Бұл – Мұқағалидың Фаризаға арнаған «Фариза, Фариза ақын, Фариза қыз!»-деп бастау алған сан түрлі аңызға арқау болған жыр шумақтары еді.
Бакуде жүріп үйінен Мұқағалидің өмірден өткенін естиді. Қас қылғандай Алматыға ұшуға билет те қалмайды. «Сөйтіп, ұлы ақынның соңғы дидарын көре алмай, соңғы сапарына аттандырып сала алмай, сандалақтап Алматыға оралдым» - деп сабақтайды өзегін өртеген өкініш жібін.
Мұқағали ақын мен Фариза ақынның арасындағы шындық тарихы осы!