Фаризажан, Фариза-қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз...
Иә, ол рас... Өмірде ақындар ғана емес, дәл осындай жан тебірентер әсем ән де жалғыз. Бұл өлеңге композитор Әбиірбек Тінәлив ән жазған. Ән болып шырқалмағанда Мұқағали Мақатевтың көп өлеңдерінің бірі болып қана қалар ма еді?..
Ән тарихына үңілсек, «Фариза» 1987 жылы туған екен. М. Мақатаевтың өмірінің соңғы кезеңіне арналған пьеса жазуға Жамбыл облыстық театрынан Шәмші Қалдаяқов мен Оразхан Бодықовқа тапсырыс берілген. Сол кезде Оразхан Бодықов «Жан азабы» деген пьеса жазып әкеледі. Пьеса барлығына ұнайды. Режиссер Шәмшіге «Енді осыған музыканы өзіңіз жазыңыз» дейді. Мұқали өлеңдерінің өзінің вальсіне келмейтіндігін айтып, Шәмші жас композитор іздейді. Сол кезде режиссер Әбиірбек ағаның атын атайды. Шәмші жас композиторға батасын беріп, әнді сол жазсын деп тапсырады. Бұл үлкен жауапкершілікті сезінген Әбиірбек аға сол қойылымға 8 ән жазып шығады. Жамбыл театрының бас режиссері Қуандық Қасымов Мұқағалидың бейнесін сомдап, ол бір өлең оқыған сайын, келесі шумағын әнге айналдырып отырған. Сондай тәсілмен 8 ән айтылып, Әбиірбек ағаны да кейіпкер ретінде кіргізеді. Бір бұрышта Мұқағали образы өлең оқып, ол ән айтып тұрады. Сол жерде орындалған әндердің ішінде «Дәуір үнінің» кіріспесі де болған. Бірақ «Дәуір үні» әнінің кірсіпесі басқа әнге сұранып тұрғанын сезген. 1987 жылы 1-15 маусым аралығында олар «Жан азабы» деген қойылыммен Нарынқол ауданына жол тартқан. Куандық Қасымовтың 16 күн бойы «Фаризаны» 32 рет оқығанын тыңдап, өлең құлағына әбден сіңіп қалады. Ән 16 маусымда дүниеге келген. Сол күні Қуандық Қасымовтың туған күні екен. Композитор аға оған телефон шалып, әнді туған күніне сыйлық еткенін айтып құттықтаған. Сыйлығын өзіне тарту етіп, әнді де орындап берген.
Әннің тұсауы ең алғаш рет Республика сарайында өткен Халықаралық ақындар айтысында кесілген. Әнді естіген әлеумет бұл туындыны аса зор ықыласпен қабылдап, артынша-ақ ән жұртқа жайыла бастайды.
Ал әнді Фариза апамыз қалай қабылдады дейсіз бе? Оған біреулер осы жаңалықты хабардар етіпті. Бірақ ақын апамыз, өзі естімейінше таңданыс білдіре қоймаған. Кейін ән тұсауы кесілген айтысты теледидардан тамашалаған Фариза ақын Әбиірбек ағаға алғысын айтқан. Бірде осы әнді үйінде орындап беріпті. Сонда көзінен тамшы жасы үзіліп тебіреніп тыңдап отырған ақын апамызды оператор анық түсіріп алған екен.
Міне, аңызға айналған ақиық ақынның сырласу жырына Әбиірбек ағамыз осылайша ән жазып әр берген. Қазірдің өзінде көптің аузынан түспейтін бұл ән өз дәрежесінде шырқалып жүр.
Фариза!
Фаризажан, Фариза-қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де,
Жүресің де қоясың, жүресің де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,
Тастағысы келеді күресіңе.
Фаризажан, сен соны білесің бе?
Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
...Серіппесі үзіліп тұр садағым.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.
Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім...
Ақын болып несіне жаратылдым,
Арасында қап қоймай қара түннің.
Қасиетін сезем деп Ана тілдің,
Қауырсыны қалмады қанатымның.
Қу тірлікке құл болып аяқ басып,
Құлашымды жая алмай баратырмын
Момын едім, жақсы едім, ұяң едім,
Аттап өттім олардың қия белін.
Енді, міне, қауқарсыз құр ашуды,
Жия бергім келеді, жия бергім.
Маңдайымнан сипаған бір жан болса,
Енді қалған өмірімді қияр едім.
Білмеймін, бұзықпын ба, жындымын ба?!
Кеп тұрады телігім мұңды-мұңға.
Енді қалған өмірдің құрдымында,
Өлтірсе де көмбеймін жырды құмға!
Нөл болады деп айтам, жалтармаймын,
Көбейтсең де қаншама мыңды-мыңға.
Айналаға қарайық анық барлап,
(Түн кеткесін, күн шығып, жарық болмақ),
Не туралы жырласақ, Фариза-қыз,
Бағыштайық бәрін де халыққа арнап.
Фариза, Фаризажан, Фариза-қыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Том-том болып дүкенде тұрмасақ та,
Подвалдағы архивтен табылармыз...
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/15DJvjZym10","width":"640","height":"360"});
Табылды Досымов орындайтын Фариза Оңғарсынованың сөзіне жазылған ән "Мен саған ғашық емес ем" (1970)
Сен үшін сонау алыстардағы елес ем.
осынша мені арман қып келдің неге сен.
«Сыртыңнан сүйіп жүретінімді
сезуші едің ғой»,-демесең,
мен саған ғашық емес ем.
Бас иген көп-көп бозбалаларға паңдана
асқақтау басып, бақытты болдым.«Сонда да
жан-жүрегіңді толтырар бір жан
жетпей жүрді ғой»,-демесең,
мен саған ғашық емес ем.
Бір дауыл сәттің соғарын сезіп жүргенмен,
сен екеніңді білген бе ем…
Әйтеуір, жаным,«бұл күнде менсіз
жүре алмайсың ғой»,-демесең,
мен саған ғашық емес ем.