Қуаныш деген жақсы ғой, шіркін! Бүгін Массагет аулында тағы да қуаныш!
Фараби досымыздың туған күні )
Артық-ауыз сөзден ада, салмақты, терең ойлы, текті, ақкөңіл, ақ жүректі ақын досымызды туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жүрегіне өлең қонған Фарабиге өлеңмен тілек өрмесек, бізге сын )
Жүректерге жақұт жырды, отты өлеңді жүр егіп,
Сен дегенде мына жалған қалмасыншы түнеріп.
Ғұламамен аттас едің, бекер емес бұл сірә,
Әл-Фараби данагөйдің даңғыл жолын тіледік!