Ей, ауылым, құшағыңды аш маған

Ей, ауылым, қарсы алшы бүгін қызыңды,
Жылы желмен желпіп сүй де жүзімді.
Бауырыңа қатты қысып құшақта,
Қызыңның бүгін соңғы үміті үзілді.

Ей, ауылым, қызыңды қайта қабылда
Кең едің ғой, өтінемін тарылма
Сендегі жылы самалдарға үйренгем,
Төтемедім қала берген дауылға.

Ей, ауылым, құшағыңды аш маған,
Сен едің ғой мейірімді баспанам,
Сенде батыр, ер жүректі қыз едім,
Ал қалада көлеңкемнен жасқанам.

Ей, ауылым, жатсынбашы мені сен
Мені ұмытып қалғансың ба тегі, сен
Мейіріміңді бүгін төкші ана боп,
Мен де саған қыз болуға келісем.

Ей ауылым жасымды сүрт желіңмен,
Маңдайымнан сипап жұбат шеріңмен
Жалаң аяқ басып барлық қыратты,
Атпен шауып өтсем бе екен беліңнен.

Жылап-жылап алсам ба екен бұлаққа
Бұлақ жасты алып кетер жыраққа
Ехх, ауылым, сенде де жауап табылмас
Мені жеген жегідей сан сұраққа.

Ей, ауылым, қызғанба бізді қаладан,
Біздің де бұл мекен емес қалаған,
Күйбең-күйбең тіршіліктен шаршап-ақ
Саған жете алмай жүр ғой сан адам...
Саған жете алмай жүр ғой бар адам...



Бөлісу: