Европаның мінезі

Европаның мінезі
жеке
блог

 

Европаның мінезі

        

11 ғасырда еуропада мынадай қызық оқиға болады. Византия ханшайымы Венеция дінбасына тұрмысқа шығады. Ханшайым келін болып түскен жерінде асты қасық болмаса жей алмайтынын айтады. Себебі бұл кезде келіннің келіп түскен жаңа  жұртында ас-ауқатты ешкім қасықпен алып жемейтін. Епископ, яғни күйеу бала осы әдеті үшін әйелін жақсылап тұрып  жазғырып жазалайды. Бұл кезде Венеция дәстүрінде тамақты қасықпен алып жейтін мәдениетті адамды шаммен іздеп таппайтынсың. Орта ғасырларда батыс жұртшылығы тамақты ортада тұрған ортақ табақтан  қолмен алып жұлмалап жейтін. Ал шанышқы болса қайта өркендеу дәуірінде ғана еуропада дәстүрге айналды. Онда да ортақ табақтағы тамақты өзінің жеке тостағына салып алу үшін ғана қолданатын. Ал жалпы ас үйде ұдайы қолданылатын пышақ, қасық, шанышқы секілді құрал-саймандар 18 ғасырда ғана  дастарқан басына біржола тұрақтады.   

Еуропалықтардың әдепті жүріс-тұрысы мен сыртқы мәдениетінің қалай қалыптасқаны жайлы толық мәліметтерді сол замандарда жазылған  кітаптардан оқып білеміз. Өйткені ол кітаптар адамдарды әдептілікке  үйрету мақсатында  арнайы  жазылған. Бавариялық Тангейзердің «сарайда жүріп-тұру ережелері» деп аталтын шығармасы тәрбиесіз һәм салдыр-салақ  сарай қызметкерлеріне арналды. Еуропалықтарға өте қатты әсер еткен Эразм Роттердамскийдің кітабы болатын. Сарайдағы мәденниетті қалыптастыру үшін жазылған бұл кітаб бірнеше мәрте яғни 130 рет басылып шығыпты.  Ресейде 1 Петр өз сарайындағы мәдениетті қалыптастыру мақсатында осы кітабтарды орыс тіліне аударып басады. Осыдан былай қарай ішіп – жеу әдебі мен дастарқан басында өзін әдепті ұстау мәдениетіне қатысты кітабтар көптеп жазыла берді. 

Тарихшылар алғашында бұл адамдардың жүріп тұру мәдениеті сол кездегі  модаға  сәйкес  өзгеріп отырды деп есептеген. Кейінірек бұл мәселені тереңірек зерттей келе бұл адамдардың ішкі мәдениеті қоғамдық және психологиялық өзгерістерден туатынын анықтан. Кез келген әдептің өзіндік қалыптасу тарихы бар. Мысалыға түкіру мәдениеті туралы тереңнен толғап көрелік. 1463 жылы Англияда столға түкіруге болмайды немесе  алысқа   түкір деген ереже шықты. Ал Германиядағы аңшылар 15 ғасырда дастарқан басында отырып айналасына бей-берекет түкіре беретін. Кейінірек түкіргің келсе артыңа қарап түкір, біреуге тиіп кетуі мүмкін. Жерге  қақырып жатсаң   аяғыңмен мыжып, сүртіп  таста деген секілді әдептер пайда болды.  Бұл да Эразмның 1530 жылы шыққан кітабында жазылған. «Дастарқан басында мүмкіндігінше түкірмеуге тырысыңдар» деген ереже Италияда 1558 жылы қабылданды. Бұрын беделді кісілердің алдында отырып жерге «былш» еткізгеннің еш әбестігі жоқ болатын. Ал енді бұл мәдениетсіздік болып саналды. Бұл Францияда 1572 жылы қабылданды.

1714 жылы құрметті кісілердің үйінде қонақта болғанда өзіңіздің қол орамалыңызға түкіргеніңіз абзал. Алысқа  түкірме. Сонда өзің де оны таптап сүрту   үшін алысқа барып  әуре болмайсың деген әдеп пайда болды.

1729 жылы «аузыңа келген қақырықты жұтып қойсаң, ол жаман әдет. Сондықтан оны қол орамалыңа түкіріп ал да, оны бүктеп қалтаңа салып қой» деп үйрете бастады.

Ойын балалары достарының бетіне түкіруі кешірілмейтін қателік болып саналды. Англияда 1859 жылдан «Жұрттың көзінше түкіруге болмайды» - деген қағида кеңінен тарай бастады. Оның үстіне бұл өте дөрекі, әрі адамның жиіркенішін тудыратын адамның денсаулығына да зиян тигізетін әдет.

Тіпті 1910 жылы еуропалықтар мынадай әңгімені жиі айтып отыратын. Біздің ата–аналарымыз ашық істейтін жағымсыз әдеттерді қазір жасамайтын болды. Қазір ешбір үйде ешкім қалай болса солай түкіре бермейді.

Яғни 18 ғасырға дейін қалай болса солай түкіруді ешкім  жаман әдет деп  сезінбеген. Бірақ біртіндеп бұл әдетке тиым салу ережелері көбейе береді. 19 ғасырда түкіруге толықтай тиым салынады. Әсіресе туберкулез аурының таралуынан қорыққан соң осындай қатал талаптар қойыла бастады.

20 ғасырда түкіруге түбегейлі тосқауыл қойылды. «Түкіруге болмайды» деген ескертулер Лондан автобустарынан  1960 жылы ғана біржола алынып тасталды. Бірақ осы кезде өздерінің әлеуметтік қарсылықтарын түкірумен білдіруге шақырған есалаң Рок группалар пайда болды. Осылайша жарымес жастар тағы да қалай болса солай түікіріп ойына не келсе соны істеп мәдениет мәселесінде біраз артқа кетті. Сондықтан әдепсіз түкіру деген кесел кез-келген мезетте қайтадан  әдетке айналып кетуі бек мүмкін.