ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ ҚАТАРЫНАН КӨРІНУДЕ

2013 жылы 10 қыркүйек қазақстан ғылымы мен білімі үшін маңызды жаңалықтардың бірі орын алды. Әлемнің 17 мың университеттерінің арасынан үздік университеттерді анықтайтын QS World University Rankings агенттігінің 2013/2014 рейтингісіне Қазақстандық жоғары оқу орындарының көсбасшысы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 66 сатыға көтеріліп 303 орын иеленді. 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ рейтингте 2009 жылдан бастап қатысып келеді. Сол бастамадан соң университет екі жыл қатарынан әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарының ішінде көрінуде. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, өткен жылы әлемнің ең үздік 400 университетінің қатарына кірсе, биыл 300 - дікке бір қадам ғана қалып отыр. Осы көрсеткіштердің өзі отандық жоғары білім беру жүйесінің лайықты дамып отырғанын көрсетуде. Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз қазақстандық агенттігінің (IQAA-НКАОКО) ұлттық рейтингісіне сәйкес 1 орынды екі жыл қатарынан иеленді. ҚР Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын "Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын" аталымы бойынша иеленген болатын. 

Осылардың барлығын қорытындылай келе, университетіміздің болашағы зор, Қазақстанның бетке ұстар, ең үздік университеттерінің алдыңғы қатарында көш бастап келуіміз үлкен жетістік. Болашақта дүниежүзінің ең үздік 10 университеттерінің ішінде болу, алдымызға қойған үлкен мақсат. 



Бөлісу: