Еуразия дауысы өтті

Еуразия дауысы өтті
жеке
блог

Байқау шарты бойынша университет қызметкері студентпен бірігіп ән шырқауы тиіс. Кеш шымылдығын университет ректоры Е.Б. Сыдықов Журналистика және саясаттану факультетінің 3 курс студенті Мақпал Байтұрсынмен қосылып Ілия Жақановтың «Жайлайкөл кештері» әнімен ашты. Университет ректоры тек білікті басшы ғана емес, сонымен қоса жақсы әнші екенін көрсетті. Одан әрі БАҚ саласының өкілдері мен өнерді серік еткен жандардан құралған байқауға әділ бағасын берер қазылар құрамы таныстырылды.

Сайыс қорытындысы бойынша гран-приді журналистика және саясаттану факультетінің 1 курс студенті Аманбек Мағзұмхан мен ЕҰУ ғылыми кітапханасының қызметкері Әйгерім Асылбаева жұбы қанжығасына байлады. Ең қызығы Аманбек бауырымыздың Моңғолиядан елін аңсап келген жас болуында болып отыр. Рас, біз оралман жастар көп дейміз. Алайда, өзінің еліне келіп, дүлдүлдер додасында оза шабу екінің бірінің қолынан келер іс емес. Өзі ағылшын. моңғол, қазақ, орыс тілдерін еркін меңгерген Аманбек елінің қамын ойлар өреніміз. Осындай жастарға қолдау көрсетіп отырған университет ұжымына алғыс білдіреміз.

Ендеше, Аманбек бауырым мерейлі жеңісің құтты болсын!!!