«Еуразия» бірінші арнасының жүргізушілері халыққа көруге кеңес береді...

Қазақстандық журналистика жұлдыздары, республиканың ең рейтингілі телеарнасы – «Еуразия» бірінші арнасының жүргізушілері қатардағы телекөрерменге айналады. «Арнаның бет-бейнесі» деген мәртебеге ие журналистер телеарна эфирінен тарайтын әрбір өнімге боямасыз баға беріп, бұл туралы қазақстандықтарға айтып беруге уәде етеді. Телеарна жүргізушілерінің қатысуымен өтетін бұл шара бағдарламааралық аңдатпалар түрінде жасалады. Демек, белгілі бір уақыт сайын түрлі жоба жүргізушілері шағын аңдатпалық роликтер аясында өз әріптестерінің өнімдеріне баға береді.

Осылайша, «Еуразия» бірінші арнасының нәзік жандыларынан сериалдар, аспаздық шоулар, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен болатын концерттер туралы егжей-тегжейлі есептерді күтуге болатын шығар. Ерлер қауымы ұнаған спорттық бағдарламалар, сараптамалық ток-шоулар немесе жаңа боевик фильмдер туралы баяндайтын болады. Нені міндетті түрде көру керектігін айта отырып, жүргізушілер аталмыш жобаның эфирге қай күні және қай уақытта шығатынын еске салады.

Қазіргі таңда телекөрермендерге арнаған өз кеңестерін жаңалықтар жүргізушілері Алуа Кетегенова, Маралбек Сағынғанов, Айгүл Әбілқали, «Аналитика» бағдарламасының жүргізушісі Александр Трухачев, «Кстати» айдары мен «Первая программа» жүргізушісі Руслан Смыков, «Кстати» айдарының жүргізушісі Аймира Шаукентаева, «112» жаңалықтарының жүргізушілері Айгүл Әділова, Бақыт Әмірғалиева, Ғалым Қалменов, «Ашығын айтқанда» ток-шоуының жүргізушісі Алмас Алтай дайындап қойды.

22 маусымнан бастап, «Еуразия» бірінші арнасының жүргізушілері тәулік бойы телекөрермендерді ең қызықты бағдарламалар, шоулар, фильмдер, концерттер туралы хабарландырып отырады. Жіберіп алмаңыздар! «Еуразия» бірінші арнасын жұлдызды жүргізушілермен бірге қарайық!



Бөлісу: