«Еуразия» бірінші арнасы Шымкенттің тұрғындарына ауызсумен көмектесті
блог
Екі апта бұрын Шымкент қаласының тұрғыны Абай Түзел «Бірінші бағдарламаның» редакциясына сумен қамтамасыз ету мәселесімен хабарласты. Ол тұратын ықшамаудан бес жыл бұрын пайдалануға берілген, бірақ мұнда күні бүгінге шейін ауызсу болмаған. Тұрғындар құдықтың буылдыр, лас суын қанағат етіп келген. Қазақстанның аса ірі әрі дамыған қалаларының біріндегі азаматтардың денсаулығына қатер төндірген кереғар жайтқа төзуге болмайтын. Абай Түзел тиісті орындарға сан мәрте арыз жазғанымен, олар жауапсыз қала берді. Бәрін телефонның бір қоңырауы өзгертті.
Бір апта өткен соң «Бірінші бағдарламаның» тікелей эфирінде Абай Түзел мен Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекшісі Талғат Қасымбековтің өзара телефон арқылы әңгімесі ұйымдастырылды. Қасымбеков мырза аталмыш мәселе бойынша жұмыстың көптен бері жүріп жатқанына сендіргенімен, ауызсу құбырының ықшамауданға келер жылдан ерте тартылмайтынын айтқан. Соған қарамастан өзара компромис табылды. Бағдарламаның жүргізушісі Руслан Смыков пен Абай Түзел шенеуніктен ауызсу тасымалын ұйымдастыру туралы уәде алған болатын. Тұрғындар мен Бірінші арна редакциясының қуанышына қарай қала билігі өз уәдесін орындады.
«Бірінші бағдарламының» аясындағы «Арнайы байланыс» айдары – Бірінші арнаның азаматтарға көмегінің жалғыз тетігі емес. Үстіміздегі жазда баламасы жоқ жоба – «Евразия» бірінші арнасының «Қоғамдық медиақабылдауына» бір жыл толады. Арна 24/7 тәртібінде көрермендердің су, газ, коррупция, медициналық қамтамасыз ету жөніндегі арыздарын қабылдап, олар бойынша жұмыс жасайды... бірде- бір проблема назардан тыс қалмайды.
Егер Сіздің де «Қоғамдық медиақабылдаудың» көмегіне жүгінгіңіз келсе, онда Сізге арнаның мына ресми сайтына кіруіңізге әбден болады: www.1tv.kz. Бұл үшін «Медиақабылдау» айдарында «ХАТ ЖІБЕРУ» деген белгіні басу жеткілікті. Сонда Сіздің алдыңызда толтыруға қажетті деректер көрсетілген оңтайлы үлгі пайда болады. Арна Сіздің байланыс деректеріңіздің құпия сақталуына кепілдік береді.
Сіз сонымен қатар «Бірінші арананың» тікелей эфирінде 8 (7172) 551 599 телефоны арқылы көмек сұрай аласыз. Хабар әр сенбі сайын 20:00 сағатта «Еуразия» бірінші арнасында шығады.
Сенбі,20:00
«Еуразия» бірінші арнасының
«Бірінші бағдарламасы»