9 ақпанда «Еуразия» бірінші арнасында қазақтілді көрерменге бағытталған ақпараттық-көңілашар бағдарламалар легі өз жұмысын бастайды. Бұл – Арнаның мемлекеттік тілдегі контентті толықтыру және дамыту жолындағы маңызды қадамы.
Күн сайын қазақстандықтар ең жаңа, пайдалы әрі қызықты ақпаратты алатын болады. Телекөрерменнің ыстық ықыласына бөленіп үлгерген Маралбек Сағынғанов пен Айгүл Әбілқали бір кеште үш рет тікелей эфирге шығып, ең талғампаз деген көрерменнің назарын аударта алатын жаңалықтармен таныстырады. Сонымен, 18.00-дегі бірінші шығарылымда жүргізушілер күн бойы саясат, экономика әлемінде болған басты оқиғаларды баяндайды. Ізінше қылмыстық жайттар туралы «112» бағдарламасын жіберу жоспарланып отыр. 19.25-тегі жаңалықтар әлеуметтік саланы қамтитын болады. Маралбек пен Айгүл осы салалардағы ең маңызды түйткілдері қаузап, олардың шешу жолдарын белгілейді. 20.15-те қазақстандық көрермендерді жемісті интерактив күтеді. Төртінші билік өкілдерінің көмегімен жеке бастарының мәселелеріне шешім іздейтін телекөрермендер студияға қоңырау шалып, әлеуметтік желілер мен ұялы бағдарламаларға хабарламалар жаза алады. Оның үстіне, Маралбек Сағынғанов пен Айгүл Әбілқалидің бұл істе тәжірибесі мол. Қызмет барысында олар Телеарнаның Қоғамдық медиақабылдауына түскен қатардағы қазақстандықтардың өтініштері бойынша сан мәрте сюжеттер дайындаумен айналысқан болатын.
Күнделікті күйбең тіршіліктен, елдегі және әлемдегі маңызды оқиғалардан телекөрермендер жаңа ақпараттық-көңілашар арнасын ары қарай тамашалау арқылы демала алады. Бұл тұста «Еуразия» бірінші арнасы ең танымал «Сүйген жүрек», «Джодха және Акбар» үнді телехикаяларын ұсынады. Болливудтық бұл туындылар тек өз Отанында ғана емес, Қазақстанда да үлкен қызығушылық туғызды. Екі сериал да дәстүрлі Үндістан стилінде түсірілген. Қазақстандық көрермендер кейіпкерлердің өміріндегі сатқындыққа, опасыздыққа, қызғанышқа бірге ашынып, әсем үнді махаббатына шын сүйсінуде.
Ақпараттық-көңілашар арнаның аясында сонымен қатар «П@утина» бағдарламасы көрсетіледі. Әрбір шығарылымда бұл жобаның командасы ғаламтордағы ең қызықты видеоларды жинап, оны жүргізушілердің қызықты пікірлерімен әрлейді.
Бір сөзбен, зерікпейтініңіз анық! 9 ақпаннан бастап, «Еуразия» бірінші арнасында ең өзекті, қызықты әрі эксклюзивті дүниенің барлығы жаңа ақпараттық-көңілашар Арнаның аясында көрсетіледі!