Eu massaget magan renjip jursin ba?

Eu massaget magan renjip jursin ba?
жеке
блог

Армысыңдар менің массагетім және достарым. Білмедім! Сендер менің массагетке кірмей кеткенімді аңғардыңдар ма жоқ байқамайда қалдыңдар ма? Бірақ біраз уақыт өтіп кетіпті. Кеше, әдеби тілмен айтқанда жан досым, көшенің тілімен айтқанда братым Есдәулетті Бауыржан екеуміз шаңырақ ықшам ауданы жақта МАССАГЕТ деген аялдамаға дейін шығарып салғанбыз. Сол кезде есіме "неге Массагетке кірмей кеттім" деген ой келді. Таңертен ойымда ешнәрсе жоқ жұмысқа келіп Facebook-ті қоссам Ақерке ханым http://www.massaget.kz/bastangy/kulinariya/12137 Ас үйдегі Ақерке ; ) деп суретін салып қойыпты тағы да массагеттің форумындағы айтыс есіме түсіп ехх деп төмен түссем мына классикалық картинка тұр https://www.facebook.com/photo.php?fbid=296137490533071&set=t.100004216296145&type=1&theater сосын мына суреттен соң  бір массагетке кірейінші деп қазір міне сағынышпен көптен жазылмаған жазбамды жазып отырмын.

Массагет құлыным сен қызғанып отқан шығарсың Facebook, Вконтакте менің орнымды алып кетті деп жоқ сен қазақ үшін мен үшін орның ерекше. Саған ең алғаш жазған жазбамда  жаңа-жылды  алып шахарда өткізіп жаңаша бастап жұмысқа тұрмақпын деп сырымды айтқан едімғой...Міне 7 ай болды Алматы арнасында компьютерлік дизайнер және видеоинженер болып жұмыс жасағаныма. Осы себептермен көп уақытым болмады саған назар аудармағаныма. Ал кеше журналист болып штатқа кірдім мені құттықтасан болады. Енді сағанда уақыт бөлуге тырысамын!!!